{metadescription}
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жас ақындар айтысы өтті
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жас ақындар айтысы өтті

А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жас ақындар айтысы өтті

Ұлт ұстазы – Ахмет. Алматыда қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жас ақындар айтысы өтті. Семсер тілмен сермескен сайыпқырандарға берілген 30 минуттың ішінде Алаш ардақтыларын ұлықтап, тұтас буынның төл басы болған Ахмет Байтұрсынұлын еске алды.

Үстінде екі өңіріне кесте тігіліп, ою-өрнекпен сыланған камзол. Сүйемелдеуінде арнайы тапсырыспен қолдан жасалған домбыра. Сахна сыртында дайындығын тағы бір пысықтап жатқан Алтынай Қанапияға бүгінгі айтыс өте маңызды. Өйткені ол халықтың жадында жүрген бірнеше тақырыпты түртіп өтпешкі.

Алтынай Қанапия, айтыскер:

Сахна болғаннан кейін міндетті түрде қобалжисың. Бірақ бабымызға және бағымызға сеніп келген жайымыз бар. Серік Қалиевтің 50 жылдығын, кітаптың тұсаукесерін және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлыны тілге тиек ететін боламыз.

Сан түрлі аспаппен шырқалған әнмен басталған жыр аламанына сайдың тасындай іріктелген 10 ақын бес жұп болып қатысты. Семсер тілмен сермескен сайып қырандарға берілген отыз минут ішінде Алаш ардақтыларын ұлықтап, тұтас буынның төл басы болған Ахмет Байтұрсынұлыны еске алды. Әсем жырды өткір оймен өрнектеген айтыскерлердің барлығы ақын Серік Қалиевтің шәкірттері.

Серік Қалиев, ақын, айтыс ұйымдастырушы:

Шәкірттерімнің айтысын Ахаңның 150 жылдығына арнайық деп шештім. Өйткені біз арыстарды ұлықтау арқылы ұрпаққа тәуелсіздіктің қадірін арттыра аламыз. Кешегі Ахаңдар көрмей кеткен азаттықтың жас буын ақындары жыр арнап жатса, соларды алты алашқа ұлықтап жатса, одан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын.

Ақынның өлеңдері де оқылып, екі кітабының тұсауы кесілді. Ал әр түрлі білім ордасынан келіп қатысқан жас айтыскерлер бір-бірін сөзбен түртпектеп оңайлықпен ұтылғысы жоқ. Өйткені басты жүлдеге Жүрсін Ерманның өзі 200 мың теңге тіккен.

Жүрсін Ерман, ақын:

Қолымыздан келгенше әр жерден жастарды тартып, қатарға қосып, үлкен топқа салып, түбінде тұлпар шығарамыз деген талап оң болады деп ойлаймын.

Салмақты ойдан бөлек, қарсыласын әзіл-қалжыңмен қағытып отырған өнер саңлақтары сұлу сөзге сусаған жұрттың айызын қандырғандай. Сөз додасына қатысқандардың барлығы да құр алақан кетпеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде