Қайрат Сатыбалды Дубайға ұшып кеткісі келген
«Дубайға ұшып кеткісі келген». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы күні кеше қолына кісен салынған Қайрат Сатыбалды туралы осылай деді.
Автор: Гұлбағда Қайратқызы
14.03.2022
Мәжіліс кулуарында Олжас Бектенов «Қазақтелеком» қаражатын жымқыру туралы мән-жайды толықтырып, Сатыбалдыны қалай ұстағандарын айтып берді.
Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Бұлтартпау шарасы әлі қолданылған жоқ. Бәрін сот анықтайтын болады. Алматы әуежайында, Дубайға ұшар кезінде ұсталды. Kaspi банкке қатысы туралы ештеңе айта алмаймыз. Күні кеше ғана тергеу амалдарын бастадық. Маңызды ақпарат пайда бола халыққа, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жеткіземіз.
13-наурызда Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» компаниясының қаражатын аса ірі көлемде жымқырды және лауазымдық қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Сатыбалдының ісі бойынша Антикор "Қазақтелекомнің" Алматы мен елордадағы кеңселерінде тінту жүргізіп жатыр. Қайрат Сатыбалды Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры, мемлекеттік органдарда бірнеше жыл қызмет еткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!