{metadescription}
Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеу қазанда аяқталады
Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеу қазанда аяқталады

Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеу қазанда аяқталады

Қаңтар оқиғасында түгі қалмай жанып кеткен Алматы қаласының әкімдік ғимаратын жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады. Тарихи нысанның бұрынғы келбеті сақталады дейді шенеуніктер.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде 8 өңірде 42 мемлекеттік орган ғимараты бүлініпті. Оның ішінде 14 нысанды күрделі жөндеу және қайта құрылымдау қажет. Ал келген шығын көлемі 30 миллиард теңгеге жуық.  

Республика алаңы Алматыдағы қаңтар оқиғасында текетірестің нағыз ортасы болған еді. Қазір тіршілік ағыны қайта қалпына келді. Әрі-бері ағылған көлік пен халық нөпірі көп. Алайда қаңтар оқиғасының ізі алаңның әр бұрышында әлі сайрап жатыр. Тасқа тиген оқтардың орны өшпеген. Бірнеше телеарнаның кеңсесі болған ғимартты арнайы матамен жауып қойғанымен, ыс басып үңірейген терезелері анық көрінеді.

Ал Тәуелсіздік монументіне қарама-қарсы орналасқан қал әкімдігі адам шошырлық кейіпте. Бүлік кезінде бірнеше күн отқа оранған нысан түгі қалмай жанып кеткен еді. Екі ай ішінде ғимаратты өрт және құрылыс қалдықтарынан тазартып үлгерген. Осы аралықта мамандар түрлі техникалық зерттеу жүргізіпті. Қуанышқа орай, ғимарат қайта қалпына келтіруге жарамды. Құрылысты бастауға сақадай-саймыз дейді шенеуніктер.

Сайлауғали Байназаров, Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Құрылыс жұмыстарын жүргізу ұсыныстары бар. Ол 470 адамға арналған мәжіліс залында металл қаңқасы, металл конструкция. Тіреуіштер, дабаза, беларқа және де көтерме жұмыстарын жүргізіп отыратын негізгі қабырлағаларының бәрінде құрылысты нығайту керек болады. Материалдардың бәрін мердігер компания белгілеп жатыр. Шешім қабылданған күннен бастап мердігер компания құрылыс жұмысын жүргізе бастайды.

Әкімдік ғимаратын қайта жаңғырту жұмысын қазан айында аяқтап қолданысқа беріледі. Бастысы, нысанның кезіндегі келбеті сақталады. Ал «Қазақстан» арнасы мен бас прокуратура өкілдігінің ғимаратынан өзге мемлекеттік нысандарда жөндеу жұмыстары аяқталыпты.

Қаңтар оқиғасы кезінде еліміздің 8 өңірінде 42 мемлекеттік орган ғимараты бүлінген. Әсіресе 14 мемлекеттік нысанға күрделі жөндеу және қайта жаңғырту қажет дейді үкіметтегілер.

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Барлық нысанға техникалық байқау жүргізілді. Нәтижесінде 28-наурызда ағымдағы жөндеу, сондай-ақ 14 ғимаратқа күрделі жөндеу және қайта құру қажеттілігі анықталды. Бүгінде 21 нысанда жөндеу ж аяқталды. Наурыз айының соңына дейін 5 ғимаратқа, қалған екі нысанға мамыр және маусым айларында жөндеу жүргізеледі.

Қаңтардағы тәртіпсіздікте отқа оранған немесе түрлі залал келген мемлекеттік ғимараттар шығыны 30 миллиардқа жетіпті. Оның ішінде 18 нысанды қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 28 миллиард теңге жұмсалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде