Қаңтар оқиғасына қатысты шындықты білетін кез келді
Қаңтар оқиғасына қатысты шындықты ел білетін кез келді. Депутаттар мен қоғам белсенділері бүгінгі Мәжіліс отырысынан соң осындай пікір білдірді. Бұл президенттің «Парламент мінбері нақты жауап алаңына айналуы тиіс» деген қағидасының іске асқаны деп есептейді мәжілісмендер.
Автор: Елдос Есенбол
14.03.2022
Ерлан Сайыров, Мәжіліс депутаты:
- Прокуратура, ішкі істер министрлігі, сонымен бірге қорғаныс министрлігі бүгінде қордаланған мәселелердің бәріне жауап берді. Бірақ сұрақтар туа береді. Өйткені әлі терге аяқталған жоқ. Бұл мәселеде ашықтық болмаса, онда қоғамда, мемлекетте болашақ тарихқа деген үлкен сұрақтар қалады.
Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:
- Бүгінгі ашықтық, бүгінгі ресмилік парламенттің ортасынан бастау алуы осы дүниелердегі кейбір сұраққа жалтармай жауап беруге бірден-бір түрткі болады. 2 мыңнан астам қару-жарақ ертең адам өміріне, бір адамның тағдырына зиян тигізуі мүмкін. Сол себепті бұл жұмысты жеделдету керек. Бұл министрдің басты жұмысына айналуы қажет деп есептеймін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!