Қаңтар оқиғасында ұсталған 29 жасөспірім босатылды
Қаңтар оқиғасында ұсталған 29 жасөспірім ата-анасының кепілдігімен босатылды. Оларға ауыр қылмыс жасады деп айып тағылған болатын. Ал мәселенің оң шешілуіне адам құқықтары жөніндегі уәкіл тікелей атсалысқан.
Автор: Әзиза Төленби
14.03.2022
Қаңтардағы оқиғадан кейін Эльвира Әзімоваға тұтқында отырғандардың туыстарынан 140-қа жуық өтініш түсіпті. Олардың басым көпшілігі азаптау бойынша. Адвокаттардың өтінішімен бұрын қамауға алынған 200 азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілген. Қылмыстық жауапкершілікке тәртіпсіздікке қатысқандар ғана емес, тергеу кезінде заңға қайшы әрекетке барған құқық қорғау органдарының қызметкерлері де тартылады.
Бүгін де өкілеттілігін асыра пайдалану дерегіне қатысты 243 іс тергеліп жатыр. Ұсталғандарды азаптап, зорлық-зомбылық көрсетіп, қорқытып алынған дәлелдемелер жарамсыз деп танылды. Бүгінге дейін 302 адам босатылып, 11 азаматты қамау туралы шешім күшін жойды дейді омбудсмен.
Эльвира Әзімова, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:
- 9-қаңтарда ауруханада болған азаматтарды уақытша ұстау изоляторына, Алматыда қамауға алу қоғамдық резонанс тудырды. Медициналық қамтамасыз ету туралы келіссөздерден кейін 29 адам ауруханаларға қайтарылды. Ұсталғандардың қалғаны ауруханаға жатқызы жоқтығы туралы медициналық қорытынды негізінде дәрігерлерге тұрақты баруы ұйымдастырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!