{metadescription}
Кәрім Мәсімов 17 жылға сотталуы мүмкін
Кәрім Мәсімов 17 жылға сотталуы мүмкін

Кәрім Мәсімов 17 жылға сотталуы мүмкін

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін еліміздің бас прокуроры мәлімдеді. Берік Асыловтың дерегінше, Қылмыстық кодексте қарастырылған мұндай жазаға Мәсімовпен бірге қамауда отырған үш орынбасары да тартылуы мүмкін.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығына «мемлекетке сатқындық жасады, төңкеріс жасап билікті күштеп тартып алмақ болды» деген ауыр айып тағылған-ды.

Бұл іске «аса құпия» деп таңба басылғанымен, өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кәрім Мәсімовтен тәркіленген қымбат дүниелер мен көліктерді жария етті. Күдіктінің астанадағы үйіне жүргізілген тінту кезінде сән-салтанаты жарасқан зәулім сарайдан сөмкелерге салынған 17 миллион доллар, бизнес санаттағы машиналар, бес миллион теңге тұратын бірнеше қол сағаты, бума-бума ақша, тіпті алтын құймалар табылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде