{metadescription}
Адвокаттар: Қаңтар қақтығысын ұйымдастыруға екі жылдай дайындалған
Адвокаттар: Қаңтар қақтығысын ұйымдастыруға екі жылдай дайындалған

Адвокаттар: Қаңтар қақтығысын ұйымдастыруға екі жылдай дайындалған

Қаңтар оқиғасы кезінде ондаған мың адамды қырып тастауға жетерлік улы қоспа ұрланған. 35 бөшке цианид калий әлі табылмады. Қатаң қорғалатын қойманың тоналуына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатысы бар дейді Айман Омарова.

Адвокат қаңтардағы қақтығысты ұйымдастыруға кем дегенде екі жыл бұрын дайындалғанын айтады. Омарованың пікірінше, мемлекет басшысына белгілі тұлғалар кек сақтап жүрген. Яғни Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі шенділер президенттің қолға алған саяси реформаларын қолдамай, билікті күшпен тартып алмақ болғанына сенімді. Адвокаттың сөзін әріптесі Абзал Құспан да қолдап, қақтығыстың бір орталықтан басқарылғанын айтты. 

Тақырып «Қаңтар оқиғасы» болған соң, Мәжілістің бүгінгі отырысына «Аманат» пен «Ақиқат» комиссиясының өкілдері де арнайы шақырылған. Бүлік кезінде ұсталғандармен жүздесіп, тергеу ісімен танысқан адвокаттар қаңтардағы оқиғаны саралап, оған қатысты тұжырым жасадық деп отыр.

Айман Омарова, адвокат, "Ақиқат" комиссиясының төрайымы:

- Қаңтар оқиғасына кем дегенде екі жыл бұрын дайындықты бастаған. Лаңкестік ұяшықтардың бар екені туралы ақпарат бұрын да айтылып жүрді. Көпшілік төңкеріліс бейбіт митингіден бастау алды деп ойлайды. Шындығына келгенде, бәрі бұдан бұрын жоспарланған. Президенттің беделін ел алдында түсіруді көздеді. Қаңтар оқиғасына қатысты материалдарды, ақпараттарды, көпшілікті қылмысқа итермелеу үшін қолданылған басқару технологиясын саралай отырып, төңкерілісті ұйымдастыруға кәсіби дайындалған топ жетекшілік еткен. Олардың арасында арнайы қызмет өкілдері де, криминалитет те, азаматтық тұлғалар да болды. 

Адвокат жаппай бүлікке Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілерді де кінәлап отыр. Олар қаңтардағы қырғынға қылмыс әлемінің серекелерін де тартып, шетелден жендеттерді де алдырған. Бір Ауғанстанның өзінен 2019 жылдан бері түрлі мәртебе беріп, жат жұрттықтарды ел аумағына кіргізген көрінеді. Бұл аздай, бүкіл елді қырып тастауға жетерлік улы қоспа тоналғанда да Ұлттық қауіпсіздік комитеті көз жұма қараған дейді.  

Айман Омарова, адвокат, "Ақиқат" комиссиясының төрайымы:

- Нақпаевтың ісі бойынша оның қоймасынан цианид калиий улы қоспасының бірнеше бөшкесі ұрланған. Бұл удың небәрі 500 граммы бүтін бір қаланы тұншықтыруға жетеді. Ол зауытта осындай 35 бөшке болған. Қоймада одан бөлек, химиялық қоспалар да бар еді. Бұл ұрлық оқиғасына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатысы бар. 

Адвокаттар төңкеріс мемлекет басшынан кек алу мақсатында ұйымдастырылғанын айтады. Қолға алынған саяси реформалар қаншама жыл билікті усында ұстағандарға жақпай қалған. Омарованың әріптесі Абзал Құспан да іс-әрекеттің бір орталықтан басқарылғанына сенімді.

Абзал Құспан, адвокат, "Аманат" комиссиясының төрағасы:

- Жекелеген жағдайда құқық қорғау органдарының уақтылы қимылдамауы. Кейде мүлдем әрекетсіздік танытуы. Оңтүстік өңірлерде бейбіт митингіге қатысушылар бұрын өздері көрмеген, танымайтын әскери тәртіптегі белгісіз адамдардың болғаны және басқа жағдайдар бар. Бұл жағдайлар әу бастан бейбіт басталған митингілерді жаппай тәртіпсіздіктерге ұластырға мүдделі топтардың болғаны және олар орталықтандырылған түрде мақсатты жұмыс жасағанына біздің көзімізді жеткізе түсті.

Кәсіби адвокаттардан тұратын екі бірдей комиссия бейбіт шеруге шығып, кейін арандап қалғандарға араша түсуге құрылған болатын. Олар бір жарым ай ішінде жүздеген адамның жазасын жеңілдетіп, қылмысқа қатысты мәртебесін өзгертуге ат салысқан. Әлі жаппай тәртіпсіздіктен соң ұсталған ондаған адамның ісі қорғауларында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде