{metadescription}
Кәсіпкерлер қант бағасын өзара ымыраласып қымбаттатқан
Кәсіпкерлер қант бағасын өзара ымыраласып қымбаттатқан

Кәсіпкерлер қант бағасын өзара ымыраласып қымбаттатқан

Еліміздегі кәсіпкерлер өзара ымыраласып, қант бағасын қымбаттатқан. Алматыда өткізілген баға мониторингі бойынша шекер құнын шарықтатып жіберген алыпсатарлар анықталып, 5 пайыз таза пайдасы тәркіленуде. Десе де, мұндай жазалар олардың бетін қайтарар емес.

Өйткені оңтүстік астанадан бөлек өзге өңірлерде де қант мәселесі әлі шешіле қойған жоқ. Мәселен, Атыраудың дүкендерінде шекер таусылса,  Маңғыстау облысында 1 келі қантты 840 теңгеден сатқандар да бар.

Қазір Алматыдағы дүкендерде де, ірі сауда орталығында да қант мүлдем жоқ. Тек бағасы 100 теңгеге қымбаттаған бірен-саран тазартылған құмшекер ғана бар. Қантқа байланысты қауесетті естіген жұрт осыдан үш күн бұрын сөредегі тәтті түйіршікті тып-типыл етіп, жаппай алып кетті дейді сатушылар. Енді кәсіпкелер тұрақтандыру қорнынан жеткізілімдерді күтуде. Дүрбелеңді пайдаланып, қант құнын негізсіз шарықтатып сатқандар да бар.

Әсел Зияданова, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеп-тексеру департаментінің бас кеңесшісі:

- Баға мониторингінің нәтижесінде қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілері байқалды. Сонымен қатар, егер де алып сатарлық баға белгілерінің өсуі бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген іс-әрекеттер немесе үстем жағдайда теріс пайдалану белгілердің нәтижесінде жасалғандығы анықталғанда нарық субьектілеріне 3-5 пайызға дейінгі мөлшерде айыппұл манополиялық табыс тәркілене отырып, салынатындығын ескертіп өтеді.

Қант қымбаттайды дегенді естіген көкшетаулықтар сауда орындарына ағылған. Тіпті сөредегі бар қантты талап әкетіпті.

Қоймадан құмшекер жеткенше, бір бірін итермелеп, кимелеген тұтынушыларды тыныштандыру мүмкін болмаған. Дүкендегі қол арбамен әкеле жатқан шекер салынған қапшықтарды әй-шәйға қарамай жармасқан  тұрғындар қыл үстінде бөліп әкеткен. Шынымен де қазір қант бағасы өсіп шыға келді. Көтерме саудадағы келісі 340 теңге, құмшекер  450 теңгеге жеткен. Соның өзінде бір адамға 5 келіден ғана сатылып жатыр.

Ал Ақтөбе облысының тұрақтандыру қорында 200 тоннадан астам қант сақтаулы. Тағы дәл соншама көлемде бірер аптада жеткіземіз деп отыр. Кәсіпкерлер қосымша жеткізу құнына қатысты өтініш айтпаған. Қант құны расымен қымбаттаса интервенция істеп, келісім-шартты өзгертер едік дейді. Ал соңғы 2-3 күндегі қант айналасындағы дүрбелең уақытша деп отыр.

Ербол Шыма,  "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз хатшысы:

Қазіргі таңда статистика бойынша қант бағасының өсуі үш-ақ теңгеге қымбаттап тұр. Сосын толық интервенцияға кіріспедік. Мына біздің қоғамда пайда болған ажиотаж кесірінен өсірілген бағалар бұл сұранысқа байланысты қойылып отыр. Алдағы уақытта тұрақтанады деген ойдамыз.

Атырауда қант тапшылығы туындамайды деген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылар қазір қорда 300 тоннадай шекер тұрғанын айтады.  Бұдан бөлек, алдағы аптада Шымкент қаласынан 192 тонна,  азық-түлік корпорациясы арқылы тағы 136 тонна қант тасымалдау жоспарда бар дейді.

Бағдат Рүстемов,  Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары:

Кешегі жасалған қор негізінде 300 тоннаға жуық қант қоры бар. Қазіргі осы 2 ай көлемінде нақты жетеді. Одан ары қарай келісімшарт негізінде жыл аяғына дейін бекітілген кесеге сәйкес келіп тұратын болады.  04:44 Жаңа өздеріңізге айтып өткенімдей «Лидер» деген сауда желісі арқылы бұл жерде олардың 40 сауда нүктелері бар. Осы сауда нүктелеріндегі ең жоғарғы баға 335-339 тг. Алам деген тұтынушыларға қай уақытта болсын ашық. Қойма толып тұр.

Десе де Атыраудағы ірі сауда нүктелерінің өзінде қант атымен жоқ. Өйткені тауардың басым бөлігі мұнда Ресейден жеткізетін көрінеді. Қалаға азық-түлік тасымалдайтын оператор-компаниялар көршілес елдегі шектеуге байланысты  қантты жеткізіп бере алмай отыр. Осыған орай, шекердің бір келісі бастапқыда 400-500 теңгеге дейін қымбаттапты.

Серімбет Назаров, сатушы:

- Бізге шекер негізі Астрахань облысынан келеді. Қазір олардың өздеріне жетпей жатыр ма шығармайды. Запрет қойып тастаған шекерге. Енді Қазақстанның шекері бізге келмейді де. Бізге шекер әкеліп ешкім тапсырмайды да.

Гүлнара Акимова, сатушы:

- Бізде көп болды жоқ болғанына. Білмеймін баға қымбаттауына байланысты ма. Шекер жоқ. екі аптадай болды.

Маңғыстау облысында қант жеткілікті мөлшерде бар екен. Сондықтан әкімдіктегілер тұрғындарды дүрбелеңге салынып, босқа алаңдамауға шақырды. Тек бағасы кей дүкендерде қымбат сатылып жатқан сыңайлы. Қазір Ақтауда 1 келі қанттың орташа бағасы 295 теңгені құрайды. Бірақ кейбір дүкендер соның үстіне 2, 3 есе қойып сататын көрінеді. Тұрғындар кей жерлерде шекердің бір келісін 840 теңгеге алып жатырмыз деп шағымдануда. Жауаптылар бұл жайтты жоққа шығармады. Бағаны түсіру үшін алыпсатарлармен арнайы түсіндіру жұмысын жүргізіп жатырмыз деп ақталды. Өңірге қант Ресей, Белорусия мен елдің өзге де өңірлерінен әкелінеді.

Әли Сәрсенов, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда және баға мониторингі бөлімінің басшысы:

Біз күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз. Ешқандай тапшылық жоқ. Құмшекер барлық сауда желілерінде сатылымда бар.  Өңірлік тұрақтандыру қорында 700 тоннаға жуық қант бар. сауда желілерінде интервенция жасап жатырмыз. Сатылымда бар. Орташа бағасы 295 теңге 1 келісіне.

Ресей қант экспортына тыйм салған соң, шекерді базарлардан ғана емес ірі сауда орталықтьарынан да табу өте қиын. Болған күннің өзінде де алыпсатарлар дүрбелеңді пайдаланып, бағаны шарықтатып жіберген. Алайда, үкіметтегілер қант қоры 90мың тоннадан асатынын және еш алаңдамауды айтқан болатын. Шенділер құмшекер құнын негізсіз өсіргендерді де жауапқа тартпақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде