{metadescription}
Жанармай мен дизельдің акцизі көтеріледі
Жанармай мен дизельдің акцизі көтеріледі

Жанармай мен дизельдің акцизі көтеріледі

Үкімет жанармай мен дизельдің акцизін де көтереді. Ұлттық экономика министрлігі тиісті қаулы жобасын әзірлеп қойған. Құжатқа сәйкес, бензин мен дизельдің көтерме сату мөлшерлемесін бірнеше есе арттыру көзделген.

Енді жанармай өндірушілер бензиннің маркасына қарамастан, бюджетке бұрынғыдай тоннасына 24 мың емес, 38 мың теңге береді. Ал дизель отыны бойынша акциздің мөлшері тоннасына 9 мыңнан 36 мыңға дейін өседі. Бұл шара мәжбүрлі түрде қолға алынған дейді шенеуніктер. Үкіметке өзінің халық алдындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттемелерін орындауы үшін қаржы керек. Бірақ, бұл өзгерістер жанармайдың бөлшек саудасына ешқандай кедергі келтірмеуі тиіс. Өйткені елімізде газ, дизель мен бензин бағасын өсіруге 180 күндік мораторий жарияланған. Ары қарайғы шешімді Үкімет сол мораторийден кейін ғана қабылдамақ.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Бағалардың өсуі болмайды. Себебі, оларға мораторий енгізіліп тұр, қаңтардан бастап. Сол себептен ешқандай жанар-жағармай бағаларының өсуін күтпейміз. Мораторий біткен соң ғана шешім қабылданады. Бұл шешілетін мәселе деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде