{metadescription}
Қайрат Сатыбалды екі айға қамалды
Қайрат Сатыбалды екі айға қамалды

Қайрат Сатыбалды екі айға қамалды

Қайрат Сатыбалды екі айға қамалды. «Қазақтелекомның» қомақты қаражатын ұрлау ісі бойынша қазір тергеп-тексеру жұмыстарының жүріп жатқанына байланысты, күдікті әзірге екі айын тергеу изоляторында өткізеді. 

Қайрат Сатыбалды 13наурызда Алматы әуежайында Дубайға ұшқалы тұрғанда ұсталған болатын. Кәсіпкерге «Қазақтелеком» компаниясының қаражатын аса ірі көлемде жымқырды және лауазымдық қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қанша қаржының жымқырылғанын жариялаған жоқ.

Ботагөз Баянова, Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз хатшысы:

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде