{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: Ұрлық пен бұзақылық жасаған 94 адамға үкім шықты
Қаңтар оқиғасы: Ұрлық пен бұзақылық жасаған 94 адамға үкім шықты

Қаңтар оқиғасы: Ұрлық пен бұзақылық жасаған 94 адамға үкім шықты

Қаңтардағы жаппай бейберекетсіздік кезінде тәртіпке бағынбай ұрлық пен бұзақылық жасаған 94 адамға үкім шыққан. Бас прокуратура 22 мыңнан астам адамның қылмысқа қатысы бар-жоғын тексергенін хабарлады. Ұсталғандардың жалпы саны 700-ден асты. Олардың көбісі жұмыссыз және жоғары білімі жоқ ер адамдар.

Сотқа барлығы 140 қылмыстық іс жолданған. Оның 70-тен астамы әлі қаралып жатыр. Бұған дейін кінәлі деп танылғандар 6 айдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық істердің барлығы ғимаратқа заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жымқыру және қару-жарақ ұрлау бабы бойынша жүргізілуде.

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарумен содырлар орталық көше кезіп әкімшілік ғимараттарды талқандаған болатын. Бұған қоса тәртіп сақшылары мен оларды тоқтатуға талпынған тұрғындарға оқ жаудырды. Тіпті адам ұрлау дерегі де тіркелген. Ұсталғандар арасында деструктивті діни ағымдағы адамдар көп. Осылайша 140 қылмыстық істің 90-ы Алматыда болған заң бұзушылықтар бойынша қозғалып, сотқа жетті.

Нұрсұлтан Орынбасаров, Алматы қаласы сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы:

- Алматы соттарына қаңтар оқиғаларына байланысты 96 қылмыстық іс келіп түсті. Істердің 99% - ы ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша келіп түсті. Оларға заңға сәйкес жаза тағайындалады. Кінәні мойындауды, залалды өтеуді ескере отырып, оларға бас бостандығын шектеу тағайындалады. Қазір 96-сының 56 алтысы қаралып бітті, оның 40 қаралуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.