{metadescription}
Ақтөбе облысында «Қазақойл» мұнайшылары наразылыққа шықты
Ақтөбе облысында «Қазақойл» мұнайшылары наразылыққа шықты

Ақтөбе облысында «Қазақойл» мұнайшылары наразылыққа шықты

Ақтөбе облысында жалақы көтеруді талап еткен «Қазақойл» компаниясының мұнайшылары наразылыққа шықты. Олар апта соңына дейін айлық табыстарын 50 пайызға өсірсін деп отыр.

- Әлібекмола мен Қожасай кен орнындағы өндіріс қызметкерлері компаниямыз біріңғай еңбекақы төлем жүйесіне кіруін, әділетті жалақы төлеуін, тез арада, яғни 2022 жылдың 20-наурызына дейін орындалуын талап етеміз!

«Қазақойл-Ақтөбе» серіктестігі «Қазмұнайгаздың» еншілес компаниясы. Мұғалжар ауданындағы қос бірдей кен орынының мұнайшылары наразылық шарасына қатысу үшін өзара кезекшілік тағайындапты. Жұмыстан шыққан бойда қызметкерлер бұрынғыдай вахталық елдімекендегі жатақханаға емес, алаңға жиналады. Талаптары жалақыны елу пайызға дейін көбейту. Қазір мұндағы жұмысшылар айына екі жүз мың теңге алады екен.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» құрамындағы өзге компаниялармен қатар бірыңғай еңбекақы төлем жүйесіне енгізуді сұрайды. Өйткені көрші облыстардағы осы компания мұнайшылары олардан екі есе көп жалақы алады. Ал атқаратын жұмыстары бірдей. Бірақ Әлібекмола мен Қожасай кен орынында тек  "ҚазМұнайГаздың" ғана емес "Синопек" компаниясының да үлесі бар. Сондықтан еңбек инспекторлары акционерлерді жинап келіссөз жүргізіп жатқандарын айтады.  

Талғат Есқарин, Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

Астанада акционерлермен осы жұмыс беруші тарапынан келісім жүргізіп жатыр. Жақын арада осы сұрақтар шешіледі деп ойлаймыз. Жан-жақтан ат салысып жатқасын менің ойымша жақын арада шешіліп, мәмілеге келеді. Қанша пайызға өсіретінін нақты айта алмаймын бірағында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде