{metadescription}
Эпидахуал тұрақталып, бірнеше шектеу алынып тасталды
Эпидахуал тұрақталып, бірнеше шектеу алынып тасталды

Эпидахуал тұрақталып, бірнеше шектеу алынып тасталды

Елімізде эпидахуалдың тұрақталуына байланысты бірнеше шектеу алынып тасталды. Енді коронавирус таралу бойынша «сары» және «жасыл» жолақтағы өңірлерде барлық орындарға емін-еркін кіруге рұқсат.

Яғни әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылған талап жойылып, Ashyq мобильді қосымшасын қолданбауға, міндетті термометриядан өтпеуге болады. Алайда бетпердені әзірге көшеде ғана тақпауға рұқсат.

Ержан Байтанаев, ҚР Санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің ресми өкілі:

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, өңір "қызыл" аймаққа ауысқан кезде меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және күн сайынғы кіру сүзгісін (жанаспайтын термометрмен термометрия)  жүргізу қамтамасыз етіледі.

Осылайша санитар дәрігерлер жеңілдеткен карантин талаптарын ары қарай сақтау мекемелер мен қоғамдық орын басшыларының өз еріктеріне беріліп отыр. Сондай-ақ бұдан былай мектептерде әлеуметтік қашықтықты сақтамаса болады және кіреберістегі фильтрды алып тастауға рұқсат етілді. Оқушылар бетперделерін сыныпта ғана тағады.

Жаңа қаулы «жасыл» және «сары» деңгейде тұрған аймақтарға қатысты делінген. Ал елімізде қазір барлық өңір ковид таралу қарқыны бойынша «жасыл» жолақта. Індет бір күнде 54 отандасымыздан анықталған. Оның 24-і Алматы қаласының тұрғындары. Соңғы тәулікте короновирустан өлім тіркелмеген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде