{metadescription}
600-ден астам әлеуметтік нысанның құрылысы тоқтаған
600-ден астам әлеуметтік нысанның құрылысы тоқтаған

600-ден астам әлеуметтік нысанның құрылысы тоқтаған

Биыл 600-ден астам әлеуметтік нысанның құрылысы тоқтаған. Көбі аурухана, мектеп, балабақша. Басты себеп – құрылыс заттары қымбаттады. Логистика да ақсап тұр. Құрылыс компаниясының басшылары енді Үкіметтен көмек сұрауға мәжбүр.

Құрылысшылар қазір салымшылары мен мемлекеттік тапсырысты қалай аяқтарын білмей отыр. Өйткені, ескі бағамен сатып алу да, сату да тиімсіз. Шетелден келетін құрылыс материалдары былтыр 30 пайызға өссе, биыл тағы төрт-бес есеге дейін қымбаттап кеткен. Ал отандық өнім елді жүз пайыз құрылысқа қажет жабдықтармен қамти алмайды. Бұл үйлі болсам дейтіндердің арманын алыстатайын деп тұр. Бұлай жалғаса берсе, қолжетімді баспананың әр шаршы метрі 400 мың теңгеден кем болмайды дейді құрылысшылар.

Талғат Ерғалиев, Құрылысшылар одағының төрағасы:

- 12 ай сайын пәтер бағасы қымбаттап жатыр. Мысалы, бір ай бұрын 320 болған, қазір 390. Негізі келешекте 400 мыңнан кем болмайды. Қолжетімді баспана жөнінде айтып отырмын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.