{metadescription}
Апат: Бүлдіршіннің періштесі қағып аман қалды  – Маңғыстау облысы
Апат: Бүлдіршіннің періштесі қағып аман қалды  – Маңғыстау облысы

Апат: Бүлдіршіннің періштесі қағып аман қалды  – Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында алты жасар қызды көлік қағып кетті. Жоғары жылдамдықпен жүйткіген жүргізуші жаяулар жолымен өтіп бара жатқан балақайды бірнеше метр жерге ұшырып түсірген. Бүлдіршін періштесі қағып аман қалды.

Апат Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау-5 елдімекенінде болған. Opel vectra көлігінің жүргізушісі түскі уақытта жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан алты жасар қызды байқамай қалған. Соққыдан қыз бала бірнеше метр жерге ұшып түсті. Көлік жүргізушісі балақайды бірден аудандық ауруханаға жеткізіпті. Дәрігерлер тексеріп, сынық-жарақаттан аман болғасын үйіне жіберген. Ал жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Әсел Әбдіраман, Мұнайлы ауданы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Оқиғадан кейін қаққан жүргізуші Мұнайлы аудандық емханасына алып келген. Сол кезде дәрігерлер қараған. Анасын шақыртқан. Баланың жағдайы ешқандай шағым болмаған. Денесінде сынық жоқ. Анасы өздігінен «Мұхамбет»  клиникасына алып барған. Клиникада рентген аппаратына түсірткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде