{metadescription}
Қытай тауарларын Қырғызстан арқылы әкелмек болғандар ұсталды
Қытай тауарларын Қырғызстан арқылы әкелмек болғандар ұсталды

Қытай тауарларын Қырғызстан арқылы әкелмек болғандар ұсталды

Қытай тауарларын Қырғызстан арқылы елге әкелмек болған пысықайлардың жолы кесілді. Қазақ-қытай шекарасында бақылау күшейтілгелі, әккі айлакерлер қымбат өнімдерді көрші ел арқылы жөнелтуді әдетке айналдырған. 

Алайда бұл жолы олардың қулығы жүзеге аспады. Жамбыл облыстық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері Қырғызстаннан кірген жүк көлігіне мұқият тексеріс жүргізген. Сөйтсе бекер емес екен. Халық тұтынатын сөмке, күртеше, аяқ киім сынды бренд тауарлар ілеспе құжатта көрсетілмеген. Бұл дерек бойынша қазір тергеу басталды.

Қазақ-қытай шекарасына қатаң бақылау орнатылғалы, Қырғызстаннан Қазақстанға тауар импорты үш есеге артқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде