{metadescription}
16 келі марихуана, 353 түйіншек есірткі, бума-бума ақша – Ақмола облысы
16 келі марихуана, 353 түйіншек есірткі, бума-бума ақша – Ақмола облысы

16 келі марихуана, 353 түйіншек есірткі, бума-бума ақша – Ақмола облысы

Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан зейнеткер ұсталды. Щучье қаласының тұрғыны заңсыз кәсібін жалдамалы пәтерде жүргізген.

Тәртіп сақшылары 63 жастағы азаматты дәл есірткі сатып жатқан жерінде қолға түсірді. Жалдамалы пәтерді тінту кезінде 16 келі марихуана тәркіленген. Сондай-ақ сатуға дайындап, газет қиындысына оралған 353 түйіншек есірткі табылды. Ал зейнеткердің қалтасында бума-бума ақша болған. 1200 доллар мен 300 мың теңге есірткі саудасынан түскен табысы екен. Бала-шағасы мен немерелері бар азамат Щучьедегі жер үйлердің бірінде тұратын болып шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.