{metadescription}
Шымкенттегі білім ошағындағы былық
Шымкенттегі білім ошағындағы былық

Шымкенттегі білім ошағындағы былық

Шымкентте мектеп мұғалімдері директорға қарсы плакат алып наразылыққа  шықты. Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің басшысы ақша жинаудан басқаны білмейді дейді ұстаздар. Қарапайым бор мен шүберектен бастап, мектептің өзге қажеттіліктерін сатып алу мұғалімдердің мойнында екен.

Тіпті ай сайын келетін комиссияның да ауызбастырығын ұжым болып жинаймыз дейді.

Мағжан Жұмабаев атындағы №39 мектептің ұстаздары бүгін директордың кетуін талап етті. Қолына плакат алып шыққандар басшының бассыздығына тойдық дейді. Өйткені Шымкенттегі мектептердің кейбіріне шарушылық жүргізу құқығы беріліп, соның бірі ретінде осы мектеп бекітіліпті. «Мемлекеттен бөлінген қаржыны енді қайда жұмсасам да, өзім білем» деп түсінген директор ұжымды түгел таратып, тек өзіне ыңғайлы мұғалімдерді ғана жұмысқа алмақшы дейді ұстаздар.

Бибігүл Мұсабекова, М.Жұмабаев атындағы мектептің мұғалімі:

- Осы уақытқа дейін біз мектепке кабинетке бірде-бір шүберек, шелек, керек нәрселердің біреуін алған емеспіз. Бәрін өз қалтамыздан сатып аламыз. Мен орта есеппен, жоқ дегенде, айына 15-20 мың осы мектепке кетірем. Бәрі сондай. 

- Комиссия келеді деп жинайды дедіңіз?

- Оған бөлек.

- Директорға бересіз бе?

- Жоқ, завучтарына.

Директордың тоғыз орынбасары бар екен. Соның бірнешеуі мектепті тексеруге келетін комиссияға ақша жинайды екен. Ай сайын шамамен миллион теңге жинау мойнымызда дейді ұстаздар. Мұның сыртында мектептің жыл сайынғы жөндеу жұмыстары да мұғалімдердің мойнында көрінеді.

Злата Сүлейменова, М.Жұмабаев атындағы мектептің мұғалімі:

- Азанда кабинет есігін аяқпен теуіп кіреді. Біздің заттардың бәрін жерге лақтырады. Шкафтарды алып қоям, «шкафтарды не істейсіңдер» деп айтады. Сосын біздің бас сырт киідерімізді жерге тастайды. Директор тастайды.  Былапыт сөздер айтады, мысалы, мұғалімнің мәртебесін түсіретін сөздер өзіме де, ата-ананың көзінше, директордың кабинетінде «сенің байың бар ма, неге сен ұрысып жүрсің, байың бар ма өзі?» деген сияқты сөздер.

Бибігүл Мұсабекова, М.Жұмабаев атындағы мектептің мұғалімі:

СЭС тексеріп келді деп, біз СЭС-ке талай ақша жинап бергенбіз. Бір-екі келген СЭС маманын білеміз, сол кеткеннен кейін «СЭС-ке пәлен ақша бердім» дейді, жинап береміз.

Қанша ақша?

- Миллион ақша жинадық па, қанша жинадық, әрқайсымыз 2-3 мыңнан жинадық.

Мұғалімдердің шуынан кейін мектепке білім басқармасының басшысы жетіп келді. Ол ұстаздарды жалынып жүріп акті залына кіргізіп, мектепке жұмсалған ақшаны санауға кірісті. Сөйтсе, былтырдың өзінде бұл білім ошағына бюджеттен 4 миллиард 900 миллион теңге бөлінген екен. Тіпті мектепті ай сайын тексермес үшін ұжымнан ақша алатын СЭС мамандарына да телефон шалды. Сөйтіп ұжымның берекесін қашырған директорға  шүйлікті. Ал мектеп басшысы барлығын жоққа шығаруда. Ол мектепке шаруашылық жүргізу құқығы бекітілгені ұжымға ұнамай қалған соң, бәзбіреулер мұғалімдерді маған қарсы айдап салды дейді.

Жаңыл Әлжанова, М.Жұмабаев атындағы мектептің директоры:

- Ол қаржы жиналды дегенге мен келіспеймін. Мұғалімдер кешегі ПХВ-ның мәселесі басталды да, маған шарт қойды. Егер ПХВ-ны алғызып тастамасаңыз, сіздің үстіңізден осындай жала жабамыз деп, олар маған ашығын айтты. Ішінде жүген үш-төрт басқарушы ұйымдастырушылар. Бұлжала.

Директор: «Егер ұжым түгел қарсылық танытса, өз еркіммен орнымды босатып беремін» - деп отыр. Бірақ екі жарым мың оқушы оқитын мектептің 200-ден астам мұғалімі басшының оңай құтылғанын қаламайды. Олар мектептен шаруашылық жүргізу құқығы алынып тасталсын әрі директор мен оның 9 орынбасары да есепшілерімен қоса түгел тексерілуін талап етпекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.