{metadescription}
Инфляция: Тауар бағасы көтерілмесе, төмендей қоюы екіталай
Инфляция: Тауар бағасы көтерілмесе, төмендей қоюы екіталай

Инфляция: Тауар бағасы көтерілмесе, төмендей қоюы екіталай

Үкімет инфляция бағамына қатысты болжамын қайта қарайды. Сыртқы жағдайға байланысты ол жоғарылауы мүмкін дейді Ұлттық банк төрағасы. Яғни тауар бағасы да алдағы уақытта тек көтерілмесе, төмендей қоюы екіталай.

Баға қазірдің өзінде біршама өскен. Ресми деректер бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар: жарма, көкөніс, сүт, нан өнімдерінің құны 10 пайызға артыпты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда инфляция да өскен. Мысалы, ақпан айының өзінде 8,5 пайыздан 8,7-ге көтерілген. Жалпы, инфляцияға қатысты осы жылдың болжамын Ұлттық банк аптаның аяғында айтуды жоспарлап отыр. Олардың міндеті Үкіметпен бірлесіп инфляция деңгейін 4-6 пайызға дейін төмендету. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасы.

Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Үкімет пен әкімдіктердің 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін тиімді іске асыруы, реттелген тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтерін жанар-жағармай бағасының өсуіне енгізілген мораторий және тұтынушылық қолданыстың шектеулі динамикасы инфляцияға тежеуші ықпал ететін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде