{metadescription}
Тоқаев: БАҚ туралы заң қайта қаралуы керек
Тоқаев: БАҚ туралы заң қайта қаралуы керек

Тоқаев: БАҚ туралы заң қайта қаралуы керек

“Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңды қайта қарайтын кез жетті. Бүгінгі халыққа жолдауында осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық дербестігі бұл саламен  тікелей байланысты деді.

Алайда бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті әрі еркін болуы тиіс. Өйткені мұндай қағида кез келген өркениетті елдерде алдыңғы қатарға шығып отырады.

БАҚ өкілдері өзекті мәселелерді көтеруге қауқарлы және көтеруге міндетті деген президент барлық жұмыс азаматтық жауапкершілікпен атқарылуға тиіс екенін де ескертеді. Сол тұрғыда мемлекет тарапынан ашық ақпараттық кеңістік құруға ерекше көңіл бөлінбек.

Мемлекет басшысы демократиялық қоғам құру барысында БАҚ туралы заңды қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Тәуелсіз және жауапты бұқаралық ақпарат құралдарынсыз әрі қарай демократиялық қоғамды құру мүмкін еместігіне сенімдімін. Сондықтан мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саланың даму үрдістерін ескере отырып, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңды қайта қарау қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.