Ұлттық құрылтай тарихи шешімдерді қабылдау үшін қажет
Кеңесіп пішкен тон келте болмас. Дала демократиясының бастауын қайта жаңғырту керек деген президент Ұлттық құрылтай құруды ұсынды. Жаңа құрылым ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді қабылдау үшін қажет дейді мемлекет басшысы.
Автор: Мақсат Мәлік
16.03.2022
Жаңа құрылым бұған дейін табысты жұмыс атқарған Ұлттық қоғамдық кеңестің жұмысын әрі қарай жалғастырады. Президенттің айтуынша, қазіргі қоғамдық кеңестің бәрін маңайына топтастыратын Ұлттық құрылтай билік пен халық арасындағы дәнекерге айналады. Оның құрамына Парламенттің бірқатар депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясы, қоғамдық кеңес пен ұйымдардың мүшелері, белгілі мемлекет қайраткерлері және өзге де белгілі тұлғалар кіреді. Осылайша сан түрлі қоғамдық пікір иелерін қамтитын құрылтай мүшелері маңызды мәселелерді талқылау мақсатында тұрақты түрде бас қосып отырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!