{metadescription}
Тоқаев: Украинадағы оқиғалар азық-түлік бағасының күрт өсуіне әкеп соқтырды
Тоқаев: Украинадағы оқиғалар азық-түлік бағасының күрт өсуіне әкеп соқтырды

Тоқаев: Украинадағы оқиғалар азық-түлік бағасының күрт өсуіне әкеп соқтырды

Азық-түлік бағасының рекордтық көрсеткішке жетуіне жол бермеу керек! Президент үкімет пен әкімдерге агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсетуді тапсырды. Көктемгі егістік жұмыстарына дайындық науқанын тексеруге пәрмен берді. 

Мемлекет басшысы егіннің бітік шығуына барлық жағдай жасау керегін  жеткізді. Шаруалар тығырыққа тірелмей, жанармайды тиімді бағамен сатып алуы тиіс. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорын толтырып алу қажет. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін жиі өткізген жөн. Президент азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табу керек деп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық-экономикалық мәселелерді еңсеруге қажетті амал-тәсілдердің бар екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Аса тұрақсыз халықаралық жағдай қалыптасқан қазіргі кезде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор. Украинадағы оқиғалар азық-түлік бағасының күрт өсуіне әкеп соқтырды. Таяу уақытта бұл бағалар шарықтап кетуі де әбден мүмкін. Сондықтан қымбатшылықтың алдын алу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік тұрақты қорларға сатып алу мәселесін пысықтау қажет. Алмағайып өзгерістер жағдайында мемлекеттік аппарат ахуалға тез бейімделіп, барынша үйлесімді әрекет етуге тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде