Жезқазған тұрғындары бөркін аспанға атып қуанып жатыр
Елімізде енді 17 облыс, үш ірі қала болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тыңнан тағы үш облыс құруды тапсырды. Соның бірі — Ұлытау. Жаңа өңірдің орталығы Жезқазған қаласы болады. Мемлекет басшысы бұл экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім екенін атап көрсетті.
Автор: Саят Діулетжанұлы
16.03.2022
Өйткені 90- жылдардағы тоқырауда Жезқазған Қарағанды облысының аумағына өтіп кеткен. Сәйкесінше шалғайда қалған тұрғындар қордаланған мәселеге тап болды. Сондықтан мемлекет басшысының бүгінгі шешімін Жезқазған түгілі, Қарағанды облысының тұрғындары қуанышпен қарсы алды.
Жезқазған облысы 1973 жылы құрылып, орталығы Жезқазған қаласы болды. Кеңес заманынан кен өндіру ісінің үздік өңірі еліміздің мақтанышы еді. Айлайда 90-жылдардағы тоқырауда өңірдің жеке дара тіршілігін Қарағандыға қаратуға тура келген. 1997 жылы 7 ауданы мен өндірісті 4 қаласы Қарағанды облысының құрамына енді. Алайда облыс орталығынан 500 шақырым жердегі өңірде қордаланған көп мәселе бары жасырын емес.
- Өйткені құлдырады, қанша дегенмен, аймақ облыс статусын алып тастағанан кейін. Сондықтан жақсы жағанын ықпал етеді деп сенеміз. Орынды шешім деп ойлаймыз. Аймақтың дамуына экономикалық жағынан да соцоиалды тұрғыдан да дамуына көп ықпалын тигізеді деп ойлаймын.
- Жеке дара облыс болса, жеке дара дамиды. Елге бір үлкен экономикалық тұрғыдан болсын, қай саласын алсақ та, бір пайдасы тиер. Дамуға жол ашады деп ойлаймын. Жақсы бастама.
- Бұл идеология жағынна дұрыс деп ойлаймын. Біз ұлт ұясы Ұлытау дейміз, тағысын тағы, бұл іс жүзінде осылай болуы керек еді. Киелі мекеннің өркендеуіне тікелей әсер етеді деп ойлаймын.
Еуразия кіндігіндегі киелі мекенді турист қызығатын жер болуы үшін қапталында әкімшілік орталықтың орнауы оң ықпал жасамақ. Шыңғыс ұрпағынан тарта хан ордасын тіккен Ұлытауды іс жүзінде ұлт ұясына айналдыру идеологиялық қадам.
Жұлдыз Сүлейменова, Мәжіліс депутаты:
— Ұлытау облысының құрылуы да өте маңызды. Бұл біріншіден біздің тарихымыздың негізгі рөлін көрсетіп отыр. Жалпы руханият үшін бұл шешімдердің маңызы өте зор.
Жезқазған тұрғындары президенттің осы шешіміне бөркін аспанға ата қуанды. Айтуларынша, кенге бай өңір өзін өзі асырауға қауқары әбден жетеді. Ұлытау ауданындағы туризм дамыса, тіпті жақсы. Енді Жезқазғандағы өзекті мәселелер үшін ат арытып Қарағанды барудың қажеті жоқ. Тек алдағы күндері өңірдегі 9 аудан мен 11 қала қай облысқа қарайтыны анықталуы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!