{metadescription}
Семейліктер: Облыс мәртебесі берілсе, киелі мекен қайта түлейді
Семейліктер: Облыс мәртебесі берілсе, киелі мекен қайта түлейді

Семейліктер: Облыс мәртебесі берілсе, киелі мекен қайта түлейді

Президент тапсырмасына сай, Семей қаласы да жеке облыс болып құрылады. Бұл шешімге Алаш арыстары туған киелі мекен халқы дән риза. Өйткені шығыстағы бұл қала соңғы жылдары әбден тозып кеткен еді. Енді облыс мәртебесі берілсе қайта түлейді деп сенеді жергілікті халық.

Алты Алаштың астанасы саналатын қарт Семей енді Абай облысы болады. Бүгін президент ұлылар мекенінің мәртебесін бір көтеріп тастады. Тоз-тозығы шыққан туған жердің қайта түлейтініне сенімді семейліктер бұл жаңалыққа дән риза.

Зейнолла Тоқаев, Семей қаласының тұрғыны:

Еліміз, халық көптен аңсап, осы болса екен деген үміті болатын. Бүгінгі үндеуден кейін мен өз тұжырымым: халықты еститін мемлекетіміздің алғашқы қадамы деп түсінем. Себебі, анау Қайнардан Өскеменге бару керек. Қарапайым жұмысшы жол шығыны былай тұрсын, қаншама кедергіден өтеді.

Семей облыс орталығы мәртебесінен 25 жыл бұрын айырылған еді. Содан бері жұртта қалған жұтаң ауылдың кейпін киген. Шаһардың тамырына қан жүгіртіп тұрған зауыттар да бірінен кейін бірі құрдымға кетті.

Өскемен дамудың даңғыл жолына бет бұрып, қарт қала тоқыруды бастан өткерді.  Қыл-аяғы, әкім-қаралар жаңа көпір мен көшелерін күтіп-баптауға қаражат таппай дал болды. Бұны көрген зиялы қауым өкілдері облыс мәртебесін сұрап Президентке  сан мәрте хат жолдаған. Соның бірі - Арап Еспенбетов.

Арап Еспенбетов, филология ғылымдарының докторы, профессор:

- Өйткені жолдауында айтты ғой, азып-тозып бара жатқанын. Осыған енді біз көңіл бөлетін боламыз деп. Шындығын айтқанда, жаңа облысты ашып, жаңа аймақты жаңдандыру Қазақстанның гүлденуі үшін қажет. Көріп отырмыз, көршілес Талдықорған қандай, еңселі биік болғанын. Түркістанға құйылған ақша қандай нәтиже беріп жатыр. Көркейіп шыға келді.

Ал өңір әкімі Даниал Ахметов  бір облысты екіге бөледі деп күтпесе керек. Тілшілердің сұрағына тым қысқа жауап қатты. Тіпті өзінше отау құрып шыққан Семеймен қимай қоштасқандай кейіп танытты. Өйткені Шығыс Қазақстан облысында 15 аудан мен 10 қала бар. Дегенмен әзірге жаңадан құрылатын Абай обылысының құрамына олардың қайсы кіретіні белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде