Үш адамды атып өлтіріп, біреуін ауыр жаралауға не себеп?
Атырауда үш адамды атып өлтіріп, біреуін ауыр жаралаған күдікті қамауға алынды. Қазір тәріп сақшылары оның не үшін мұндай қылмысқа барғанын анықтап жатыр. Болжам бойынша, бұл жағдайға қаза тапқандар мен қаскөй арасындағы кикілжің себеп болған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
16.03.2022
Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Осы іске күдікті Маңғыстау облысының 1993 жылы туған азаматы анықталып, ұсталды. Бұрын еш соталмаған азамат. Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жергілікті тұрғындарды әбден шошытқан сұмдық оқиға кеше түнгі сағат он шамасында Авангард ауданында болған. Белгісіз азамат көлікте отырған төрт адамға оқ жаудырып, үшеуін сол жерде жер жастандырған. Жарақат алған біреуі шұғыл ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалыпты. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр дейді. Өйткені иығы мен басына оқ тиіп, миына зақым келген. Қазір науқас жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр.
Ал оқиға орнынан із суытқан күдікті көп ұзамай қолға түсіп отыр. Ел арасында атыс әйел үшін болған, қаза тапқан жігіттер сол келіншектің туыстары деген қауесет тарауда. Бірақ тәртіп сақшылары жел сөзге сенбеуге шақырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!