{metadescription}
0:000:00
Ел билігінің суперпрезиденттік басқарудан бас тартуына не себеп?

Ел билігінің суперпрезиденттік басқарудан бас тартуына не себеп?

Елімізде президент өкілеті қысқарып, парламенттің рөлі күшейтіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жыл сайынғы жолдауында саяси жүйені жаңғыруға қатысты шенеуніктер мен депутаттарға көп міндет жүктеді. Қоғамның үніне құлақ асатын мемлекеттің депутаттары ешкімнен қымсынбауы керек деп ашық айтты.

Ауқымы жағынан кең мән-мағынасымен ерекшеленген мемлекет басшысының бұл Жолдауы елдегі басқару жүйесін түбегейлі өзгертеді деген сенім бар. Ел билігінің суперпрезиденттік басқарудан бас тартуға не себеп?

Мәжілісте мұндай абыр-сабыр күнде бола бермейді. Шенеунік пен депутат біткен бүгін Президенттің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын тыңдау үшін парламенттің отырыс залына асықты. Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы жолдауын күз мезгіліне жоспарлайтын. Бұл жолы ел үшін маңызды жаңа реформаларды жылдың басында жариялауға бел буыпты.  

Парламенттің ғимаратына ағылған шенді-шекпенділер, халық қалаулылары отырыс алдында алдымен жіті тексерістен өтіп, түр келбетін, киімін дұрыстап, ұялы телефондарын арнайы жәшікте қалдырды. Осылайша еш нәрсеге алаңдамауға бел буған саяси элита бүгінгі отырыстан жаңа дүниелерді күткені көрініп-ақ тұрды. Ол болды да.

Үкімет пен Парламент мүшелерін, қоғамдағы белсенді азаматтарды тегіс жинаған мемлекет басшысының бүгінгі жолдауы әлеуметтік емес, саяси жүйені өзгертуге, экономикалық сектордағы ахуалды жақсартуға бағытталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып экономика мен мемлекеттік басқару саласында реформалар пакетін әзірлеуге шұғыл түрде кірісу керек. «Жаңа Қазақстанның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімінде қалануы керек. Ол еліміздің қадамдап алға жылжып, азаматтарымыздың өмірінің деңгейі артуына мүмкіндік береді.

Дегенмен көпірме сөзді жаны сүймейтін Қасым-Жомарт Тоқаев өзгерісті президенттің өкілеттілігінен бастады. «Күшті Президент  ықпалды Парламент  есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алатынын ескертіп, мемлекет басшысына келіп тірелетін дүниелерден біртіндеп бас тарту қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Мен үшін мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесі биліктің қосымша мүмкіндіктеріне және уақытша ықпалына қарағанда әлдеқайда маңыздырақ. Сол себепті мен Amanat партиясының қаңтар айындағы съезінде ұйымның төрағалығынан биыл бас тартатынымды мәлімдедім. Партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне мүлдем жол бермеген жөн.  Саясаттағы монополия түрлі әлеуметтік кеселді туындататыны және мемлекетті дағдарысқа ұшырататыны анық. Саяси үстемдікке барынша шектеу қою қажет.

Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұрады. Мұндай өзгеріс саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды деген сенімде. Дәл сол сияқты Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитеті мен Конституциялық кеңестің төрағалары, мүшелері міндетті түрде партиядан шығады. Билік тамыр-таныстыққа да тоқтау салынады. Басшылық жоғары лауазымда отырып, туыстарын қызметке тартуға енді тыйым бар.

Президент өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттырмақ. 49 депутаттан тұратын Сенатты жасақтау тәртібі және оның бірқатар функциясы қайта қаралады. Бұған дейін әр өңірден екі сенатор сайланды және Президент 15 сенаторды тағайындайтын. Енді Президенттік квота қысқарады, Қазақстан халқы ассамблеясы бес депутатты ұсынып қана қояды. Ал мәжілісмендерге артылған жүк екі еселенді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Біз Қазақстан халқы сссамблеясының Мәжілістегі квотасын жоямыз. Менің ойымша, бұл  саяси жағынан да, заңдық тұрғыдан да дұрыс қадам. Бұл квота Сенатқа ауысады және 9-дан 5 депутатқа дейін кемиді. Соның нәтижесінде Мәжілістегі депутаттардың жалпы саны азаяды. Мұндай өзгеріс түрлі этностық топтарға мандат беріп, олардың үні жоғарғы палатада естілуіне мүмкіндік жасайды. Жалпы, Сенаттың жоғарғы палата ретінде жұмыс істеуін дұрыс әрі орынды деп санаймын.

Мемлекет басшысы Сенаттың заң қабылдау құқығын Мәжіліске берді. Сонымен қоса төменгі палата республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтеді. Есеп комитетінің орнына құрылатын Жоғары аудиторлық палатаның жаңа төрағасы мәжілісмендер алдында жылына екі рет есеп беруі тиіс.

Тоқаев сайлау жүйесін жетілдіруде пропорционалды-мажоритарлы үлгіні пайдаланып көруге кеңес берді. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционал, 30 пайызы мажоритарлы тәсілмен жасақталатын болады.

Қайрат Жолдыбайұлы, қоғам белсендісі:

Мажоритарлы сайлау өте дұрыс. Өйткені партия тізіміне кіре алмаған немесе көңілі толмаған жеке тұлғалар бар. Солардың қоғам алдындағы міндетін ойлаған мақсатын жүзеге асыруға үлкен мүмкіншілік деп ойлаймын.

Қоғамда таралған «қос палатаның таратылуы мүмкін» деген қауесет шындыққа жанаспайтын болып шықты. Өйткені Президенттің ауқымды бастамаларын жүзеге асыруға Парламентке жарты жылдай уақыт керек. Оны тек қазіргі депутаттар іске асыруы қажет.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Президент анық айтты ғой, бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін Конституцияның, кем дегенде 30 бабына өзгеріс енгізу қажет болады. Және де қосымша тағы да 20-ға жуық заңдарды қабылдау керек. Яғни бұл ұзақ жұмыс болады. Заң шығару процесінің қалыптасқан регламентін ескергеннің өзінде бұл кем дегенде жартыжылдық жұмыс.

Партияларды тіркеу ресімі едәуір жеңілдейді. Тіркеу шегін тқрт есеге  20 мыңнан 5 мың адамға азайтқан жөн. Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендетіледі. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адамға азаяды. Сондай-ақ құрылтай съезін өткізуге және филиалдарды құруға берілетін уақыт көбейеді. Сайлаушылардың бірыңғай электронды базасы жасалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде