{metadescription}
Автогазды екі есе бағамен сатып пайдаға кенелмек болған
Автогазды екі есе бағамен сатып пайдаға кенелмек болған

Автогазды екі есе бағамен сатып пайдаға кенелмек болған

Ақтөбеде газ тасымалдаушы компаниялар мемлекеттік мекемелерге автогазды екі есе бағамен сатқан. Президенттің тапсырмасына қарамастан осылайша тендердің арқасында пайдаға кенелмек болған.

Газ құю бекеттерінің заңсыз әрекетін құзырлы органдар емес, қоғамдық ұйымдар анықтаған. Қазына қаржысының ысырап болмауын көздеген белсенділер шара қолданып, тексеру жүргізуді антимонополия қызметкерлерінен талап етеді.

Тексеру кезінде газ тасымалдаушылардың автогаз литрін 61 теңгеден бастап 110 теңгеге дейін бағалағаны белгілі болды. Мемлекеттік мекелерде осыған келісіп құжатқа қол қойыпты.

Ал президент тапсырмасына сәйкес сұйытылған газ бағасы 50 теңгеден аспауы керек. Ақтөбе өңірінде мемлекет меншігіндегі мекемелерді автогазбен қамтуды сегіз компания мойнына алған. Олар қаңтардағы тендерді жеңіп алыпты. Енді олар жеті күн ішінде келісімшарттағы бағаны екі есеге арзандатуға міндетті. Оны орындамаса, қомақты айыппұл төлеп, жазаға тартылады.

Жалғас Нәби, Ақтөбе облысы бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің бөлім басшысы:

Жарлық шыққан күннен бастап автогаз литрінің құнын елу теңгеден асырмауы керек еді. Енді олар артық қойған бағаға қатысты мемлекеттік мекемелермен арадағы келісімшартты өзгертуге немесе тоқтатуға, қосымша келісім жасауға міндетті. Белгіленген уақытта кемшілікті жоймаса әкімшілік жаза қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде