{metadescription}
Мәжілісмендер: Бәсекеге қабілетсіз партияларды уақыт өзі-ақ іріктейді
Мәжілісмендер: Бәсекеге қабілетсіз партияларды уақыт өзі-ақ іріктейді

Мәжілісмендер: Бәсекеге қабілетсіз партияларды уақыт өзі-ақ іріктейді

Саяси партияларды тіркеу рәсімінің жеңілдеуі, саны бар да, сапасы жоқ партиялардың пайда болуына жол берілмеуі тиіс. Бұл бәсекеге қабілетті ұйымдарға жаңа серпін беруі керек. Мемлекет басшысының кешегі жолдауынан кейін мәжілісмендер осындай пікір білдірді.

Сергей Симонов, Мәжіліс депутаты:

- Қазір елде бары алты партия. Кешегі президент айтқан өзгерістер кейін мысалы, 26 болуы мүмкін. Олардың барлығы сайлауға қатысады, бәсекелестік болады, партиялардың дамуы болады. Егер бір ғана партия үстемдік құратын болса, бәсекелестікті сезінбеген соң босаңсып кетуі мүмкін. 

Қасым-Жомарт Тоқаев партиялардың тіркеу шегін 20 мыңнан 5 мыңға азайтуды ұсынған болатын. Өңірлердегі өкілдерінің саны 600 жүзден 200-ге дейін қысқармақ. Ал партия құрамын деп ниеттенген азаматтар кемі 700 адамды топтастыруы қажет.  Мәжілісмендер бәсекеге қабілетсіз партияларды уақыт өзі-ақ іріктейді деп отыр. Жұмысы жүйесіз, уәдеге жауапсыз саяси ұйымдардың ғұмыры қысқа болмақ дейді олар.

Айгүл Құспан, Мәжіліс депутаты:

- Партияның саны тым көбейіп кетеді деп қорқу керегі жоқ. Өйткені біртебірте әлсіз партиялар халықты ұйымдастыра алмайтын өзінің бір бағдарламасын жасап, оны жақтай алмайтын партиялар өзінен өзі жоқ болып кетеді. Немесе бірнеше кішкентай партиялар бір үлкен блок жасауына да болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.