{metadescription}
Ақтөбеде әуежайды жөндейміз деп, жолаушыларды сандалтып қойған
Ақтөбеде әуежайды жөндейміз деп, жолаушыларды сандалтып қойған

Ақтөбеде әуежайды жөндейміз деп, жолаушыларды сандалтып қойған

Ақтөбедегі халықаралық әуежай жабылды. Енді он күн ішінде шұрық-тесік жолақты жамап үлгеруі керек. Себебі: авиация әкімшілігі сол кезде ғана әуе кемелерінің ұшып-қонуына рұқсат береміз деп шешіпті. Алайда еліміздің батыс өңіріндегі ең үлкен әуежайдың жабылуы жолаушыларды сергелдеңге салды.

Ерте билет алып қойған тұрғындар жауапты мекемелердің бұл жаңалықты алдын ала хабарламағанына наразы.

Ақтөбе әуежайының анықтама бюросындағы үш телефонға тыным жоқ. Тұтқаны ұстаған  жалғыз қызметкер ұшақтардың енді ұшып-қонбайтынын хабарлап  үлегремей жатыр. Ал алдына жөн сұрап келгендер мардымды жауап алмадық деп шүйлігуде.

Эльмира Меңдібаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Мынау не сұмдық?! Түсінбеймін. Айқайлап таң атпай, ана жерде анықтама бөліміндегі отырған келіншек. Барып жөн сұрап едім, «телефонда отырмын, маған келмеңіз» деп айқайлап қуып жіберді.

Авиация әкімшілігі комиссиясы Ақтөбедегі әуежай  жолағын жарамсыз деп таныған. Ұшақтың ұшып-қонуына тыйым салыпты. Соның кесірінен кеше түнде жүзге жуық жолаушы Алматыдан бері қарай жете алмады. Жарты жолда қалғандардың жақындары оларды қалай жеткіземіз деп сандалып жүр.

Жәмиля Ділманова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Енді келе алмайтын болды. Алматыда төрт сағат отырған. Сосын өкілі ұшақ болмайды деп айтқан. Халық әуежай ішінде жүрді де қойды, көбілері қалды дейді. Енді, міне, кеше хабарлассам, ақшаларыңызды қайтарып алыңыздар, рейс бола ма, болмай ма, білмейміз дейді.

Ақтөбе әуежайына ел ішінде қатынайтын үш компаниямен шетелге шығатын бір әуе компаниясының ұшақтары қонады. Алдын ала билет алып қойған жолаушылар енді не істерін білмей жүр. Әуежайдың жабылатынын алдын ала хабарламаған жауапты мекемелерге олардың ашуы қара қазандай.

Асқар Садықов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Билет алғанбыз, осыдан бір жарым ай бұрын. Енді бәрі түсініксіз. Біреу ашады дейді, біреу ашпайды дейді. Офистарының барлығы жабық тұр. Ешқандай ешкім нақты мәлімет бермейді. Әуежай қожайыны дұрыстап шешілетін болса, шешілгені дұрыс еді. Иә, жекеменшік алатын болса алып, үкімет өзі істейтін болса. Мынау не жағдай? Сергелдеңге салып қойды.

Авиация әкімшілігі осыдан бір апта бұрын әуежайға тек түнде  жұмыс істеуге рұқсат берген. Ол кезде комиссия жолақтың алпыс плитасын ауыстыруды бұйырыпты. Енді тағы 200 плита жаңадан төселмесе, ұшақ мүлдем қонбайды деп кесіп айтқан. 

Дастан Малиев, Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың басқарма төрағасы: 

Он алтысына дейін бізге уақыт берілген. Сол алпыс плитаны ауыстыру деп. Біз ол жұмыстарды істедік. Бірақ жаңадан келген инспекция қарап, ол аз, тағы да жқндеу жүргізу керек деген талап қойды.

Ұшаққа билет алғандардың ақысын әуе компаниялары қайтарып беруге тиіс. Жолынан қалғандарға біз жауап бермейміз дейді әуежайдағылар. Ал жөндеу жұмыстарына қазынадан жүз миллиондай ақша бөлініпті. Күн суықта төселген плита келешекте еш қақырап қалмайды деп сендіреді шенеуніктер.

Айбек Қайыр, Ақтөбе облысы жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының басшысы:

Плитаны ауыстыруға болады, негізі. Технология бәрі сақталып жатыр. Ол темірбетон плиталар. Қыс болсын, жаз болсын істей беретін жұмыс.

Он күнге жабылған Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдың нақты наурыздың 27-де ұшып-қонуға әзірболары  нығайбыл. Оны авиация әкімшілігінің комиссиясы шешеді. Егер ұшақ алаңындағы жөндеу олардың көңілінен шықпаса, ұшақ қонуына одан әрі рұқсат бермейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.