{metadescription}
Заңды талқылайтын да, қабылдайтын да — Мәжіліс
Заңды талқылайтын да, қабылдайтын да — Мәжіліс

Заңды талқылайтын да, қабылдайтын да — Мәжіліс

“Мәжілістің өкілеттігі кеңейтілгенімен, одан Сенаттың құзіреті кемімейді”. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған саяси реформаларға қатысты депутаттар өз пікірін білдірді. Енді заңды талқылайтын да, қабылдайтын да — Мәжіліс. Төменгі палатаның құзыреті кеңейіп, рөлі күшейеді.

Дана Нұржігіт, Сенат депутаты:

- Заң шығарушы органның негізгі салмағы Мәжіліске түсіп жатқаны дұрыс деп ойлаймын. Бүгін көріп отырсыздар, “Митинг туралы заң” қабылданған кезде митингке шығартын, шеруге шығатын азаматтар көбейді. Бұл, әрине, жақсы. Бұл бірінші кезең. Бірақ саяси диалогтың жалғасы ретінде, саяси диалогтың ашық алаңға айналатын жері — Парламент. Сондықтан пікірталастың ең қыза түсетін жері Мәжіліс болуы керек.

Жолдауға сәйкес, енді Қазақстан халқы ассамблеясының Мәжілістегі квотасы жойылып, 5 мандат Сенатқа беріледі. Депутаттар бұл бастаманы да қолдайды. Ал жоғары палата спикерінің сөзінше, Мемлекет басшысы жолдау арқылы Парламенттің жұмысына қатысты қоғамдағы түрлі пікірталасқа біржола нүкте қойған. Өзгерістердің бәрі ең жоғарғы өкілді орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін жасалып отырған қадамдар. Сондай-ақ маңызды үндеуде Парламенттің республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейту мәселесінің назардан тыс қалмағанын, сайлау жүйесін жетілдіруге баса мән берілгенін сенаторлар атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

Президентіміз Жолдауда айтылған басымдықтарды орындау үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажеттігін айтты. Одан бөлек, осы жылдың соңына дейін 20-дан астам заң қабылдау керек. Яғни біздің алдымызда үлкен мақсаттар бар. Сол себепті алдағы уақытта жүйелі әрі кешенді жұмыс жүргізуіміз қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.