{metadescription}
Қайрат Боранбаевты екі айға қамау туралы шешім шығарылды
Қайрат Боранбаевты екі айға қамау туралы шешім шығарылды

Қайрат Боранбаевты екі айға қамау туралы шешім шығарылды

Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қамалғанын хабарлады. Бүгін сот күдіктіні екі айға қамау туралы шешім шығарды. Ол «квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды» деген күдікке ілінген. Тергеу жалғасып жатыр. Олигархтың  ісімен Алматы емес, елорданың қаржы мониторингі агенттігі айналысуда.

Ықпалды бизнесменнің ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері талқыланып жатыр. Тіпті олигархты күш құрылымдары екі жақтан алып бара жатқан видео да таралды. Алайда бұл дерек бүгінге дейін ресми түрде расталған жоқ.

Бүгін сот Қазақстанмен қоса, Беларусь, Ресейде де жылдам тамақтану желілелерінің франшизасына иелік ететін Боранбаевты екі айға тұтқындағанын мәлімдеді.

Қайрат Боранбаев жылдам тамақтану желісімен қоса, қонақүйлер, сауда орталықтары мен бірнеше холдингтардың иесі. 2017 жылдан бері “Спутник V” вакцинасын шығаратын Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытын да ресейлік миллиардермен бірлесіп жекешелендіріп алған. Алматының «Қайрат» футбол клубында мажоритар үлесі бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде