{metadescription}
Сәуірге дейін Конституцияға өзгерістер енгізілуге тиіс
Сәуірге дейін Конституцияға өзгерістер енгізілуге тиіс

Сәуірге дейін Конституцияға өзгерістер енгізілуге тиіс

Еліміздің географиялық картасын жаңартуға кем дегенде жазға дейін уақыт қажет. Жаңа құрылатын облыстардың шекараларын белгілеу, басшыларын тағайындау, бюджетін бекітіп оны бөлу бірнеше айдың жұмысы. Ал ең ауыр жүк әділет министрлігіне түскелі тұр.

Олар Президент жолдауында айтылған ауқымды өзгерістерді сәуірге дейін Конституцияға енгізуге тиіс. Содан кейін ғана мемлекет басшысы айтқан негізгі 10 реформаны жүзеге асыру мүмкін болады. Кезектен тыс бас қосқан Министрлер кабинетінің жиынында тағы не айтылды?

Қазақстан Президентіне өз жақындарын  лауазымды қызметке тартуға болмайды. Өйткені екі аптадан кейін Конституцияға мемлекет басшысының өкілетін шектеу туралы өзгерістер енгізілмек. Тоқаев Ата заңға осындай талап қойған. Сол-ақ екен әділет министрлігі басқа заңнамалық құжаттан бұрын Президент өкілеттілігін шектейтін заң жобасын өзгертуді бірінші бастап кетіпті. Наурыздың аяғында  дайын болады деп отыр.

Жолдауды іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізіледі.  Парламентті нығайту, Мәслихатты күшейту, адам құқықтары туралы заңдар сәуірде қабылданады. Ал кейбір бастама өз уақытын күтуге тиіс. Конституциялық соттың төрағасы қалай тағайындалатыны әзірге белгісіз

Қанат Мусин, ҚР Әділет Министрі:

- Абай, Ұлытау құрылуы, Алматы облысының Жетісу және Алматы облысына бөлінуі. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының саны бойынша шектеуге байланысты Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларын қабылдау бойынша 2022 жылғы маусымға дейін жоспарлануда. 

Өте ауқымды бастамаларды жүзеге асыру үшін алдымен заң жүзінде шегелеп алу керек. Соның бірі ұзақ жылдардан бері сол өңірдің тұрғындары күткен жаңа облыстардың пайда болуы. Қазақстанның географиялық картасына үш айдан кейін түседі. Олардың құрылуы біріншіден – заңға, екіншіден – министр Қуантыровтың ведомствосының жұмысына тіреледі. Өйткені әр бастамаға қаражат керек.

Әлібек Қуантыров, Ұлттық экономика министрі:

- Мысалы, Түркістан облысы 2018 жылы құрылған кезде бұл жұмыс, кем дегенде алты айға созылды, өйткені көптеген техникалық мәселелер бар. География, бюджет қаражатын қайта бөлу, оның ішінде ономастика мәселелері бар. Жаңа аудандар қашан құрылады және сәйкесінше кейбір аудандарды анықтау қажет болады. Бұл мәселелер Үкімет жанындағы ономастика комиссиясына енгізіледі.

Әріптестері жаңа реформаларға бас қатырып жүргенде, министр Қарашөкеев қант тапшылығын шеше алмай жатыр. Министр қорда бар шекердің дүкен сөрелеріне жетпей жатқанын түсіндіре алмай әлек.  Төрт қант қызылшасын өңдейтін зауыт барын тілге тиек етіп, оның жеткізілуін қамтамасыз етеміз деп сендіріп отыр.

Ербол Қарашөкеев, Ауыл шаруашылығы министрі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрақтандыру қорларымыз бар өңірлерді. Сол тұрақтандыру қорлар былтыр біз негізі ауылшаруашылығы министрлігінің бастамасымен бес айлық қажет тауарлардың көлемін сатып алуға ұсынғанбыз. Ол жұмыс істелініп жатыр. Биыл енді осы жұмысты көктемнен бастап, тек күзде сатып алмай, осы ақшаны нақты ауыл шаруашылығын өндірушілерге жеткізу мәселе болып тұр.

Толы жауап ести алмады ма, премьер министр Әлихан Смайылов қоластындағыларға жекелей тапсырма беріп, жұмыстарын пысықтады. Халық пен бұқаралық ақпарат құралдарына жақын болуды талап етті.

Қазақстандықтар Наурыз демалысына бес күн демалады. Бірақ мұның Үкімет мүшелеріне қатысы жоқ. Өйткені Әлихан Смайылов Жолдаудағы өзгерістерге жол картасын дайындауға бір апта ғана уақыт берді. Демалыста да арқаны кеңге салмайтын министрлерді келесі аптада күтемін деп қайырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде