13 жастағы қызын зорламақ болған ақтөбелік сотталды
Ақтөбеде туған қызына жәбір көрсеткен әкеге үкім шықты. Ол 13 жастағы жасөспірімді зорламақ болған.
Автор: Жаңалық Ахаш
18.03.2022
Туған баласына азғындық көрсетуден тайынбаған 37 жастағы ақтөбелік жақында ғана түрмеден жазасын өтеп шығыпты. Енді қамауға қайта оралды. Бұрын ұрлық үшін шатылған әке үйде ешкім жоқта қызына азғындық әрекеттер жасаған. Прокурорлар оны 13 жылға соттауды сұраған. Алайда судья жазаны аз да болса жеңілдетіп, 12 жылға бас бостандығынан айырды.
Әсел Өтенова, Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры:
- Отбасы мүшелері үйде жоқта өзінің 13 жасар қызына азғындық әрекеттер жасаған. Сот мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, күдіктіні кінәлі деп танып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!