Тауық еті тағы қымбаттады
Тауық еті тағы қымбаттады. Әсіресе сан етінің құны 22 пайызға өсті. Ал бір жылда тауық етінің бағасы 17 пайызға артқан. Бірақ жекелеген аймақтардағы баға бұдан да жоғары.
Автор: Мақсат Мәлік
18.03.2022
Тауық еті Түркістан облысында қатты қымбаттаған. Бір жылда бұл өңірде баға 55 пайызға көтеріліпті.
Шымкентте де шарықтаған құс етінің құны 35 пайызға өскен.
Қарағанды облысы да қымбат аймақтардың қатарына еніпті.
Ақтауда тауық етінің келісі мың 300 теңгеден саудаланып жатыр.
Елордада әр келісі 1100 теңгеден сатылып жатыр.
Жыл басынан бері Қазақстанда 8 мың тоннадан астам құс еті өндірілген. Өткен жылы отандық компаниялар құс еті бойынша ішкі нарықтың 62 пайызын ғана қамтамасыз етіпті. Ал қалған бөлігі импорт үлесінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!