Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте порностудия табылды
Шымкентте тек шетелдіктерге қызмет көтрсететін порностудия әшекереленді. Мұнда жеңіл жүрісті қыздар онлайн режимде жат қылық көрсетіп, сол үшін ақша алып отырған. Дәл осындай порностудиялар Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында да табылды.
Автор: Бек Әбиев
18.03.2022
- Бұл жарық береді. Мына жерде қыздардың шетелдегі трансляциясына қосылуына көмектесетін зат. Мынау пульті.
Оңай олжаны көздегендер элиталы пәтерлер жалдап, ішін камера, жиһазбен жабдықтаған. Ал камера алдында қылмыңдаған қыздар жалаңаш тәнін көрсетіп, Қазақстанда тыйым салынған порносайттарға шығып қыруар пайда тапқан.
Басты ұйымдастырушы Қырғызстан азаматы екен. Қазір оның үш мегаполистегі 11 сыбайласы анықталды. Олардың бесеуі қырғыз азаматы, қалғаны қазақстандықтар.
25 жасқа дейінгі 50-ден астам қыз тәнін жалаңаштап, олардың порностудияда жұмыс істегені анықталды. Қызметіне 200-бен 500 мың теңге арасында ақша алып отырған. Порножұлдыздардың арасында кәмелетке толмаған бойжеткендер де бар.
Нұрбол Ашакулов, Шымкент қаласы ПД криминалды полиция басқармасының аға жедел уәкілі:
- Аталған порностудияны ұйымдастырған азаматтар сол порностудияда тікелей режим эфирінде жұмыс істейтін жас қызды тартып, қомақты ақша ұсынған, жалақы ретінде. Және ол қыздарды порносайттарға тіркеу арқылы тікелей эфирде порнографиялық сипаттағы бейнетүсірілімдерге, яғни жалаңаш денесімен түрлі порнографиялық шоу көрсетуге тартқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!