«Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте»: Алматыда жастар фестивалі өтті
Алматыда «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты жастар фестивалі өтті. Мемлекет басшысы жариялаған саяси реформалар бағдарламасын қолдап, жас буынның 15 мың өкілі шараға қатысты.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
18.03.2022
«Алматы Арена» алаңында өткен коцертті танымал өнер адамдары ашты. Көптің алдында жүрген әншілер ән айтып, би биледі. Сонымен қатар белгілі спортшылар мен өнер қайраткерлері де қатысты.
16-наурызда қоғам белсенділері және бизнес өкілдері "Жаңа Қазақстан" қоғамдық жастар қозғалысын құрған. Жаңа ұйым аймақтардағы студенттермен жұмыс жасайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!