{metadescription}
Алматыда «Қазақтың үні «Жас Алаш» кітабының тұсауы кесілді
Алматыда «Қазақтың үні «Жас Алаш» кітабының тұсауы кесілді

Алматыда «Қазақтың үні «Жас Алаш» кітабының тұсауы кесілді

Бүгін Алматыда «Қазақтың үні «Жас Алаш» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өткізілді. Газеттің 100 жылдығына орай жарыққа шыққан туындыға «Жас Алаш» журналистерінің шығармашылық жолдары мен еңбектері арқау болған.

Елдің мұңын айтып, халықтың жоғын жоқтап келген басылымға биыл бір ғасыр толып отыр. Осыған байланысты арнайы шара ұйымдастырылып, газеттің тарихын шолып өткен «Қазақтың үні «Жас Алаш» атты кітап жарық көрді.

600 беттен тұратын жинақта осы уақытқа дейін басылымда қызмет еткен тілшілердің естеліктері топтастырылған. 500 данамен шыққан туындыны қазір кез келген кітапханадан табуға болады.

Арай Сахариева, Қазақтың үні – «Жас Алаш» кітабының құрастырушы редакторы:

- Біздегі негізгі мақсат  алтын ғасыр болған 70-жылдардағы журналистердің еңбектерін көрсету. Кітаптың ішіндегі мақалаларды, естеліктерді оқи отырып, «Жас Алаштың» өткеніне шолу жасай алады. Өйткені «Жас Алаштың» өзі қоғаммен бірге дамыған. Қазақ елінің өсу, өркендеу жолында үлкен рөл атқарған басылым болып есептелінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде