{metadescription}
«Хотя бы в кино» –  жемқор шенеуніктер туралы отандық комедия
«Хотя бы в кино» –  жемқор шенеуніктер туралы отандық комедия

«Хотя бы в кино» –  жемқор шенеуніктер туралы отандық комедия

Ақша жымқырған шешенуніктер туралы отандық комедия жарыққа шығады. «Хотя бы в кино» комедиясында бюджет қаражатын ұрлап шетелге қашпақ болған шендінің шытырман оқиғасы көрсетілген.  Жемқорлық сияқты өткір мәселені әдемі әзілмен өрнектеген туындының тұсаукесері 24-наурызға жоспарланған.

Оқиға желісі өмірден алынған. Шенеунік тоз-тозы шыққан аурухананы жөндеп заманауи емдеу мекемесіне айналдыруға уәде береді. Алайда істі тындырмай, ақшаны қалтаға басып шетелге қашпақ болғанында шенеунік тұтылады.

Тимур Дулатов, қоюшы режиссері:

- Бұл фильмнің идеясы негізі үш сценарисіміздің арқасында. Формуласы, фабуласы болды. Асхат, Самат, Бұхар деген үш кісінің  арқасында осындай бір идеяға тап болғанбыз. Халыққа берері жақсы көңіл күй, жүректен келетін жылы сезім.

Бақандай 10 жылға сотталатынын естіп талып қалған шенеунікті сол жөндеуден өтпеген ауруханаға жеткізеді.

Түсірілім алаңы ретінде Алматы облысындағы ескі емдеу мекемесі тадалыпты. Басты кейіпкерді сомдаған Қайрат Әділгерей жемқор шенеуніктің образын қалыптастыру қиын болмағанын айтады.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Фильм ерекше. Бұрын-соңды Қазақстанда болмаған кино. Тақырыпбы да өзекті. Бүкіл халықтың ойында жүрген, көкейінде жүрген сұрақтардың бәрі көрсетіледі. Елімізде болған қиын оқиғаларға кішкене шолу жасап кетеміз. Жалпы бұл динамикаға толы картина.

Оңай ақша табамын деп жемқорға сыбайлас болған жас дәрігерді Дәурен Серғазин сомдайды. Шынайы өмірде жазадан құтылып кететін парақорлардың, ең болмаса кинода сотталғанын көрсеткісі келген идея авторы фильмді «Хотя бы в кино» деп атауы да сондықтан. Жаңа комедия  24-наурыздан бастап көрермендерге жол тартады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде