{metadescription}
Семейде бүкіл бір ықшамауданды нәжіс басуы мүмкін
Семейде бүкіл бір ықшамауданды нәжіс басуы мүмкін

Семейде бүкіл бір ықшамауданды нәжіс басуы мүмкін

Семейде көпқабатты үй тұрғындарының өз баспанасына кіріп-шығуы қиындаған. Жертөле суға толып, нәжіс басып жатыр. Қолқаны қабатын иіске тұншыққан тұрғындар тынысымыз тарылды деп талай табалдырықты тоздырыпты. Кәріз суын тазалауға жергілікті атқамінерлерден ешкім көмектеспеген.  

Бірінші ықшамаудандағы кәріз құдықтары лық толып тұр. Тұрғындар мұны орталық құбырдың бітеліп қалуынан деп топшылайды. Енді соның салдарынан нәжіс қалдығы үйлердің жертөлесін басып жатыр.

Ұлардай шулаған жұрттың үйіне кіріп-шығу қиындаған. Қолқаны қабатын сасық иіс үйлермен қоса төменде орналасқан азық-түлік дүкеніне де сіңіп қалған. Тұрғындар жауапты мекемелердің телефонын түгендеп әлек. Тіпті олардың нөмірін де жаттап алған. Бірақ екі аптадан бері көмекке келген ешкім жоқ.

Нина Кропочева, Семей қаласының тұрғыны:

- Сасық иіс бар. Үйге тұрудан қалдық. Далаға шығудың өзі мүмкін емес.  Пәтердегі қолжуғыш пен әжетханадан шыққан сасық иіс кері шығып жатыр. Киім-кешекке дейін әжетхана сасып тұр.

Ал пәтер иелері кооперативінің қызметкері жауаптыларды кінәлап отыр. Айтуларынша, бар кінәрат орталық кәріз жүйесінде екен. Құбыр бітеліп,  құдықтар лас суға толып, енді жертөлеге кіріп жатқан көрінеді.

Бақыт Жақыпова, сервис мекеменің директоры:

- Былғары зауытындағы кәріз құдықтарының бәрі толып тұр. Енді ол үйдің жертөлесіне кіріп жатыр.  Біз өзімізге тесілі құдықтарды түгел тазаладық. Орталық жүйенің кәріз құдықтарының  кімге қарайтынын білмейміз. Жауаптылардың барлығы бір-біріне сілтеп отыр.

Егер кәріз құдықтары дереу тазартылмаса, ықшамаудандағы үйлерді жаппай нәжіс басуы мүмкін. Алайда мамандар орталық құбырда еш ақау жоқ дейді. Жертөлені нәжіс басқанына тұрғындардың өзі кінәлі көрінеді.

Құралай Дүйсенбаева, Семей қаласы ТКШ сектор меңгерушісі:

- Берілген мүлікті баланысқа алу үшін «Табыс Семей» басқару органы ТКШ бөлімінің басшысына хат жазып, ол иесі жоқ мүліктер қатарына қабылдауы керек. Бір жылдан кейін коммуналдық меншікке тіркеледі.

Нәжістің астында қалған тұрғындар көпқабатты үйдің кәріз құбырын коммуналдық мекеменің қарамағына өткізу үшін өздері өтініш жазуға міндетті. Ал бұл ұзақ уақытты талап етеді. Ендеше жұрт көлкіген суды өз күшімен тазартудан басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде