Қарағанды облысының тұрғындары петиция жазудан жарысып жатыр
Қарағанды облысының тұрғындары петиция жазудан жарысып жатыр. Балқаш жұрты жаңа құрылатын Ұлытау облысына қосылуға қарсы. Айтуларынша, Балқаш қаласынан Жезқазғанға дейін жол шалғай. Ал Ағадыр кентінің тұрғындары елдімекенге бұрынғы аудан орталығы статусын қайтарып беруді сұрап президентке үндеу жолдады.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
24.03.2022
- Кезінде аудан болып тұрғандағы ғимараттың барлығы қазір толығымен жұмыс істеп тұр. Ешқайсысы бүлінген емес, бүлінгендері орнына келтірілді. Сондықтан қаражатқа да еліміз қатты қиналмайды. Ағадырға қайтадан аудан статусын қайтарып берсеңіздер дейміз. Біз халық болып соны сұраймыз. Сұраймыз! Сұраймыз!
Ағадыр кенті 1997 жылы аудан статусынан айырылып Шет ауданы құрамына енген. Бұрынғы аудан аумағында 23 мыңнан аса тұрғын бар. 10 теміржол бекеті және 5 ауыл мен 2 өндіріс орны жұмыс істейді. Тұрғындардың айтуынша инфроқұрылымы мықты, темір жолдың ірі торабы орналасқан кент аудан орталығы болуға әбден лайық.
Ал Балқаш қаласының тұрғындары соңғы жаңалықтарға қуана қоймаған. Егер Кеңестер кезіндегі Жезқазған облысының аумағы сол қалпына қайта келсе, облыс орталығы алыстап кетеді. 400 шақырым жердегі Қарағандыны алыс деп жүргенде, Жезқазған тіпті жеткізбейін деп тұр дейді жергілікті жұрт. Оның үстіне Қарағанды мен арадағы автобан құрылысы да аяқталып қалды. Жұрт орталыққа жақсы жолмен жайлы жетуді көп жыл бойы армандаған. Ал жергілікті билік халықтың бұл тілегін карта сызатындарға жеткіземіз дейді.
Нұрдос Кәрім, Балқаш қаласының тұрғыны:
- Экономикалық жағдайын айтпағанда Балқаш қаласының жасы ұлғайған қарттары, мүмкіндігі шектеулі жандардың емделуге, ем-шараға баруына жолдың ұзақтығы үлкен қиындық тудырары сөзсіз. Сондықтан да біз, балқаштықтар, түбегейлі Ұлытау облысына қосылуға қарсымыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!