Жаңаөзенде көлікке қысылған келіншек аяғынан айырылды
Дәрігерлер 31 жастағы келіншектің оң аяғын кесіп тастауға мәжбүр болдық дейді.
Автор: Айман Нұрмағанбет
24.03.2022
Оқыс оқиға Жаңөазендегі көлік жуу орталығында болған. Көшеде жүйткіп бара жатқан Kia Rio жүргізушісі газ бен тежеуішті шатастырып, Toyota-ға соғылған. Содан кейін осы екпінмен көлік жуатын орталықта тұрған тағы бір машинаны жаншып тастапты. Сол сәтте көлік жуып жатқан 31 жастағы әйел қос көліктің ортасында қысылып қалған. Екі аяғының да сүйегі жаншылып кетіпті. Жаңаөзен ауруханасында дереу ота жасалып, оң аяғы кесілді. Науқас жансақтау бөлімінде жатыр дейді дәрігерлер.
Бақытжан Жетібаев, Жаңаөзен ауруханасы сынық-жарақат бөлімінің дәрігері:
- Оң аяғының жарақаты хирургиялық өңдеуден өтті. Шолақ, ортаңғы үштен бірінен тұқыл жасалды. Екінші аяғына, сан сүйегі сол жақ сан сүйегіне сыртқы бекіту дейді сыртынан қозғалмай ұстап тұратын аппарат салынды. Қазір жансаөтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Алдағы уақытта жағдайы бірқалыпқа түскеннен кейін екінші аяғына, сол жақ сан сүйегіне ота жасалынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!