{metadescription}
Қазақстаннан дәрі-дәрмек шығаруға тыйым салынады
Қазақстаннан дәрі-дәрмек шығаруға тыйым салынады

Қазақстаннан дәрі-дәрмек шығаруға тыйым салынады

Қазақстаннан дәрі-дәрмек шығаруға тыйым салынады. Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылға дәрілік заттардың кез-келген түрін шекара асыруға шектеу қоюуы мүмкін. Бұйры жобасы қоғамдық талқылауға түсті. Қорытындысы бойынша түпкілікті шешім 6-сәуірде қабылданады.

Фархат Оразалы, ҚР ДСМ Медицина және фармацевтиканы бақылау комитетінің баспасөз хатшысы:

- Бұл уақытша қабылданған шара. Құжат шетелдердегі тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты әзірленді. Бірінші кезекте халықты дәрімен үздіксіз қамтамасыз етуіміз керек. Сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жетіспеуінің алдын алуымыз қажет. 

Бұйрық шықса осы жылдың қарашасына дейін дайын дәрілік өнімді, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, протездік-ортопедиялық және медициналық құрал-жабдықтарды шетелге тасымалдауға болмайды. Дегенмен жеке пайдалануға немесе тапсырыс бойынша алынатын дәрі-дәрмекті экспорттауға болады. Сондай-ақ шет мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетуге, спорт командалары мен халықаралық экспедициялардың алғашқы медициналық көмек пакеттеріне тыйым салынбаған. Транзиттік фармацевтикалық тауарлардың да өтуіне шектеу жоқ.

Сарапшылар бұл шара дұрыс деп санайды. Өйткені Қазақстан негізінен медициналық препараттарды өзге елдерден тасымалдайды. Тек өткен жылда республикадағы фармацевтика өнеркәсібінің айналымы екі миллиард долларға жуық болса, оның жартысынан көбі  импортқа жұмсалған.

Бекнұр Досжан, экономист:

- Олар қазір санкцияда. Көптеген фарминдустрия, зауыттар жабылып жатыр. Бірталай дәрілерді өндіруге шамасы жоқ. Сондықтан ол дәріні  қай жақтан алады? Украинадан, Беларусь елдерінен ала алмайды. Олар да санкцияда. Сондықтан ол дәріні Қазақстаннан алады. Ал олар Қазақстаннан алса, өзіңіз санап көріңіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде