Заңсыз жекешелендірілген нысандар мемлекет меншігіне қайтарылады
Қазақстанда заңсыз жекешелендірілген нысандар мемлекет меншігіне қайтарылады. Олардың қатарында жекеменшікке берілгеннен кейін монополист болған ұйымдар да бар. Қазірдің өзінде мемлекет өзіне қайтаруға ниетті нақты салалар белгілі: телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа нарық.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
24.03.2022
Компаниялардың нақты тізімін арнайы комиссия анықтайды. Содан кейін мемлекет білек сыбанып іске кіріседі. Билік аталмыш ұйымдардың қызмет салаларын монополиясыздандырады.
Кезінде заңсыз жекешелендірілген нысандарды қайтарудың егжей-тегжейін түсінумен құқық қорғау органдары, қаржы секторының қызметкерлері, Министрлер кабинетінің мүшелері, сондай-ақ комиссия құрамына енгізілген «Самұрық-Қазына» өкілдері айналысады. Комиссияға бір апта берілген. Президенттің тікелей тапсырмасын орындайтындар бір кезі мемлекет меншігінде болған нысандарды енді қалай қайтаратынын ашып айтпай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!