{metadescription}
«Алматы қала жарық» мемлекет меншігіне қайтарылады  
«Алматы қала жарық» мемлекет меншігіне қайтарылады  

«Алматы қала жарық» мемлекет меншігіне қайтарылады  

«Алматы қала жарық» коммуналдық кәсіпорны мемлекет меншігіне қайтарылатын болды. Шаһар көшесін жарықпен қамтуға жауапты компания өткен жылы үш есе арзан бағамен сатылып жекенің қолына өткен еді. Ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жекешелендіру туралы мәміле «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға қайшы деп отыр.

Шешімнің күшін жойып, коммуналдық кәсіпорынды қалаға қайтарып беру үшін агенттік пен әкімдік бірлесіп жұмыс істеуге кіріскен. Бұдан халыққа қандай пайда? 

Алматы тұрғыны Қайрат Тілепов көшеде тұрған жарық бағаналарының барынан жоғы артық деп ашулы. Өйткені шамдардың өшіп тұрғанына жылдан асыпты. Жігіт ағасы қараңғы көшеде қылмыс өршіді деп күйінеді.

Қайрат Тілепов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Түнгі 12-ден кейін бұл көшемен жүру қауіпті. Үлкен кісілер бар. Жүруге қорқады. Балалар бар. Ұрып кеткен мына жерде. Көрші бір-екі жігітті ұрып кеткен. Мен «Алматы жарыққа» жазғанмын. «Өтініш қабылданды, біз қарастырып жатырмыз, жөнделеді» деді, бірақ жөнделмеді. 

Шаһарда қас қарайса қара түнекке айналатын көше көп. Қаланы жарықпен қамтамасыз ететін кәсіпорынның жұмысына көңілі толмайтын тұрғындардың да қарасы жыл сайын артып келеді. Қаланың шеткі аудандарында жағдай тіптен күрделі.

«Алматы қала жарық» компаниясын өткен жылы ABM Group.com серіктестігі сатып алған еді. Алайда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жекешелендіру туралы бұл мәміле заңға қайшы деп отыр. Себебі, 14,8 миллиардқа бағаланған коммуналдық кәсіпорынның үш есе арзан бағамен жекенің қолына өтуінде бір шикілік бар көрінеді. 

Жантөре Айтматов, Алматы қаласы мемлекттік активтер басқармасы басшысының орынбасары:

- 2021 жылдың соңында  «Алматы қала жарық» компаниясы тендермен жүзеге асырылды. ABM Group.com жеңімпаз болды. Мәміле сомасы 4,6 млрд теңгені құрады. Бағалау құны 14,8 млрд. Агенттікпен бұл ұйымның монополиялық жағдайға ие екені анықталды. Компанияның жекешелендіру стратегиясы мемлекеттік кәсіпорынның жоғалуына әкелуі мүмкін.

Қаладағы жалпы 160 мыңнан астам шамға «Алматы қала жарық» коммуналдық кәсіпорны жауапты. Оған 2 мыңнан астам көше мен 4 мыңға жуық аула кіреді. Қазір Алматы әкімдігі Агенттікпен бірлесіп аталмыш компанияны қала меншігіне қайтаруға күш салуда. Бұл қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде