{metadescription}
Төлеби Оспан: Дін мен дәстүр егіз ұғым
Төлеби Оспан: Дін мен дәстүр егіз ұғым

Төлеби Оспан: Дін мен дәстүр егіз ұғым

Дін мен дәстүр егіз ұғым. Алматының Орталық мешіті бүгін Наурыз мейрамын тойлады. Жұма намаздан кейін жамағатқа дастархан жайылып, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.

Мешіттің алдына жиналған жұрт алдымен Наурыз көже жасау сайысын тамашалады. Ақ жаулықты әжелер мен қыз-келіншектер ұлттық тағамды дайындаудың түрлі үлгісін көрсетті. Көженің дәмін татқан қазылар алқасы қатысушылар арасынан жеңімпазды анықтады.

Жігіттер де қарап қалмай, ұлттық спорт түрлерінен өз күшін сынап көрді. Асық ату, гір көтеру, арқан тарту, қол күрестіру, қошқар көтеру жарысында бақ сынағандар жігерлік танытып белсенді болды. Жақсы нәтиже көрсеткендерге бағалы сыйлық табысталды.

Орталық мешіттің қызметкерлері мақсатымыз – қоғамды ынтымаққа ұйытатын, бірлікке бастайтын ұлттық құндылықтарды дәріптеу дейді.

Төлеби Оспан, Алматы қаласының бас имамы:

- Дін мен дәстүрдің ара-жігін алшақ етіп көрсетуге тырысатын кейбір топтар бар. Мүфтият екеуінің ара-жігін ажыратпай, керісінше, біте қайнасып жатқанын көрсету мақсатында Наурыз мерекесі сияқты өзіміздің ұлттық мерекелер кезінде осындай сабақтастығын көрсетуге тырысамыз. Өйткені келешек ұрпақ дін мен дәстүрдің сабақтастығын көріп өссе, ертең оны өздері жүзеге асыратын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде