{metadescription}
Энергетика министрі: Қазақстанда бензин арзандамайды
Энергетика министрі: Қазақстанда бензин арзандамайды

Энергетика министрі: Қазақстанда бензин арзандамайды

Қазақстанда бензин арзандамайды. Біздің ел ТМД ғана емес, әлем бойынша жанар-жағармайы арзан бес мемлекеттің қатарына кіреді. Бағаны бұдан артық төмендету мүмкін емес дейді энергетика министрі Болат Ақшолақов. Ендігі мақсат – мамырда мораторий аяқталған соң да жанармай бағасын осы деңгейден қымбаттатпаудың қамын жасау.  

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

- Шынын айтқанда, мораторийден кейін де бағаны ұстап отыруға тырысамыз. Бірақ бұл доллардың бағасына, геосаяси жағдайға байланысты. Зауыттардың жабдығы шетелден әкелінеді. Бұл да әсер етпей қоймайды. Бензин бағасы бойынша біз ТМД ғана емес, әлемдегі бес елдің қатарына кіреміз. Қазақстанда мұнай өнімдері арзан деп айтуға болады. Тіпті бұл бестікте  нарықтық қатынасы мүлдем жоқ мемлекеттер бар.

Апат болған Каспий құбыр желісі консорциумы отандық мұнай өндірісіне кедергі келтірмейді. Алайда Қазақстанның экспортқа шығаратын мұнай көлемі үш аптада 3 миллион тоннаға азаюуы бек мүмкін. Жөндеу жұмысы  созылса, мұнай өндірісі азаяды. Энергетика министрлігінің писсемистік болжамы осындай.  Аталмыш құбыр жүйесі іске қосылғанша отандық энергетиктер мұнай тасымалдаудың баламалы  жолдарын қарастырып әлек. Бірақ таңдау көп емес. Өйткені елде мұнай тасымалдайтын вагондар жоқ, теңіз портының мүмкіндігі шектеулі, транзиттік тасымалдың да әлеуеті әлсіз.  Әзірге жөндеу бір айға жетпей бітеді деген болжам бар. Магистраль жұмысы жанданғанша, мұнайшылардың жұмыс орны сақталып, айлығы қысқартылмайды. Министрлік «қолдан жасалған апат» деген ақпаратты да жоққа шығарып отыр.

22-наурызда Каспий құбыр желісі консорциумының Новороссийск маңы арқылы өтетін екі бөлігі қатты дауыл кезінде бұзылған. Қазір экспортқа кетпейтін қара алтын  штаттық режимде жұмыс істеп жатқан мұнай өңдеу зауыттарына жөнелтілуде. Сондықтан елде мұнай өнімдерінің жетіспеушілігі болмайды дейді министр.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

- Апатқа байланысты біз мұнай өңдеу зауыттарында қаншама өндіреміз деген ешқандай қосымша жоспарымыз жоқ. Қажеттілік жоқ, әзірше. Бірақ бұл апат қаншаға созылатынына байланысты. Бірақ біздің ойымызша, ол көпке созылмайды. Екі-үш аптадай жұмысын бітірсе, қалпына келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде