{metadescription}
Петропавл жылу-электр орталығы – қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорын
Петропавл жылу-электр орталығы – қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорын

Петропавл жылу-электр орталығы – қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорын

Алып мұржасы құлап апат болған Петропавл жылу-электр орталығы өңірдегі қоршаған ортаны ең көп ластайтын кәсіпорын екен. Ауаға таралатын 70 пайыз залалды қалдық аталмыш орталыққа тиесілі болып шықты. Солтүстіқ Қазақстан облысына барған экология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Бірекешов осылай деді.

Петропавл жылу электр орталығынан жылына 1 миллион тоннадан астам күл шығарылады. Бірақ бұл қалдықты кәсіпорын кәдесіне жаратпаған.

Мәселен, Қарағанды ТЭЦ-інен шыққан күл жол жөндеуге, құрылысқа тіпті цемент шығаруға қолданылып жүр дейді Бірекешов. Бұл бұрыннан бар технология. Ал 60 жыл бұрын тұрғызылған кәсіпорын ескіні қойып, енді жаңа экологиялық кодекске сай озық технологияны игеруге тиіс. Сонда компания экологиялық салық төлеуден босатылады. Мұржасы құлап адам өлімі болған Петропавлдағы жылу орталығы қазір қалыпты жұмыс істеп тұр. Апаттан қоршаған ортаға еш зиян тиген жоқ дейді министр.

Серікқали Бірекешов, ҚР Экология, геология және  табиғи ресурстар министрі:

- Ештеңеден қорқып-үркудің қажеті жоқ.Апат болғаннан кейін біздің департамент санитарлық қорғаныш аймағында мониторинг жүргізді. Шығарындылардан қоршаған ортаға келер зиян анықталмады. Сондай ақ «Казгидрометтің»  ауа мен суға жасаған тексеріс қорытындысы бойынша да қауіпті ештеңе жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде