{metadescription}
 Қарағанды облысы: Тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды
 Қарағанды облысы: Тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

 Қарағанды облысы: Тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

Қарағанды облысындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Мұстафин ауылында газ баллоны атылып, үй иесі оңбай күйіп қалған. Апаттан баспананың шаңырағы опырылып, бар дүниені қызыл жалын жалмаған.  

Александр Плахотный, Ғ.Мұстафин ауылының тұрғыны:

- Ең бірінші баллон жарылған. Одан кейін газ келесі бөлмеге өтіп, жанып тұрған пештегі оттан тұтанған. Өрт сөндірушілер бірінші өрт болды дегенді айтады. Олай болуы мүмкін емес. Бекетте баллонды толтырғанда ішіндегі конденсатты шығармаған. Кеше күндізгі сағат 3-те толтырып әкелген, 7-де жарылды.  

27 литрлік газ баллоны үйдің кіреберісінде тұрған. Апат ошағына жақын жүрген 64 жастағы үй иесі оңбай күйіпті. Денесінің 75 пайызын күйік шалған ол хәл үстінде жатыр. Қайта арғы бөлмеде жүрген оның жұбайы мен екі немересіне жалын жетпей аман қалыпты. Олар қашып шыққан.

Баспананың, ішіндегі дүние-мүліктің сау тамтығы қалмаған. Көктемнің ызғарында отбасы далада қалды.

Апат орнын мамандар тексеріп жатыр. Екі пәтерлі жер үйдің аман қалған бөлігіндегі көршілері де қатты шошынып қалған. Айтуларынша, тұрғындар газ баллондарын кез келген бекеттен толтырады. Оны құзырлы органдар да, жергілікті билік те қадағаламайды.

Ирина Селютина, Ғ.Мұстафин аулының тұрғыны:

- Біздің ауыл, Нұра станциясы, Тұзды ауылы, барлық тұрғындар газ баллондарын жанармай құю бекеттерінде толтырады. Жасыратын жоқ, ол жерден алу арзанға түседі. Ал кешегі күйімді айтып жеткізу мүмкін емес. Көршімнің үсті түгел жанып кетті. Жалаңаш күйінде есеңгіреп көшеде тұрды, түк болмағандай. Есеңгіреп тұрды-ау деймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде