Қарағанды облысы: Балабақшада бүлдіршіндерге қол көтерген
Қарағанды облысы Абай қаласындағы балабақшада бүлдіршіндерге қол көтерген тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның бұл әрекеті нысандағы бақылау камерасына түсіп қалған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
25.03.2022
Бейнекадрлерде 20 жастағы тәрбиеші зыр жүгірген бүлдіршіндерді қуып жүр. Біреуінің басынан нұқығаны да байқалады. Мұны көрген ата-аналар балаларының көгеріп-сазарған жерін суретке түсіріп әлеуметтік желіге жарыса жариялап жатыр. Десе де тәрбиеші балаға айтарлықтай соққы жасамағанын, бала тәрбиесінің қиын екенін айтқандар да бар. Қазір Абай қаласындағы жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі жұмыстан шығарылып, істі полиция тексеріп жатыр.
Бақытжан Құдияров Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Алдын ала тергеу кезінде полиция қызметкерлерімен 20 жастағы күдікті анықталды. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!