{metadescription}
Қазақстандық каннибал туралы фильм жарыққа шығады
Қазақстандық каннибал туралы фильм жарыққа шығады

Қазақстандық каннибал туралы фильм жарыққа шығады

Адамжегіш Николай Жұмағалиев туралы фильм жарыққа шығады. Триллерде кезінде бүкіл Кеңес одағының құқық қорғау органдарын аяғынан тік тұрғызған каннибалдың өмірі мен оны құрықтаған тергеушінің шытырман оқиғасы суреттелген.

Басты рөлдерде – отандық танымал актер Асқар Ілиясов пен Канн фестивалінде үздік актриса жүлдесін иеленген Самал Есләмова. Кореялық режиссерлермен бірлесе түсірілген фильм 31-наурыздан бастап көрерменге жол тартады.

Сюжет желісінде сол кездегі милицияның арнайы бөлімшесіне тәлімгер Садықов келіп, әйелдерді өлтіріп жүрген қанішерді іздейтін тергеу тобына бірден кіреді. Адамдар жоғалып, бөлшектелген мәйіттер табылып жатса да, қылымстың бірі де ашылмаған. Алайда қанышер жас тергеушінің туған әпкесін бауыздап тастаған кезде, нағыз шытырман сонда басталады.

Енді Садықовқа каннибалды табу тек қызметтік міндет қана емес, жеке кек алу ісіне айналды. Фильмде әйелдерді өлтіріп, қанын ішіп, етін жеген атышулы Николай Жұмағалиевтің қалай құрықталғанын көрсетеді. Туындыға сценариін өзі жазып, режиссерлік тізгінді қолға алған – Руслан Пак. Ол «Паразиты» атты фильммен «Оскар» сыйлығын алған режиссердің тәлімгері.

Руслан Пак, фильмнің режиссері:

- Бұл қылмыскерді мен бала кезден білемін. Сол уақытта үлкендер бізді түнде жүрмесін деп, оның есімін айтып қорқытатын. Осыдан біраз жылдар бұрын Жұмағалиевті ұстау операциясын басқарған адаммен таныстым. Одан көптеген таңқаларлық мәліметтерді біліп, оқиғаның киноға арқау бола алатынын түсіндім. Мен үшін бұл сценарий жазуға үлкен серпін болды. Сөйтіп фильмді түсіруді бастадық.  

Бюджеті 500 мың долларды құрайтын фильмде тәртіп сақшысы болып танымал ресейлік актер Игорь Савочкин ойнаса, басты рөлді сомдаған – Асқар Ілясов. Триллер, драма жанрында түсірілген туындыға кореялық мамандар да ат салысқан.  80-жылдарды айнытпай көрсететін фильм өзгелерден ерекше болмақ. Өйткені көрерменді алаңдатып отыратын әрі құпия сақталған сәттері де бар.

Анна Дармодехина, фильмнің продюсері:

- Музыканы, монтажды, түсірілімді кореялық мамандар қолға алды. Олардың сіңірген еңбегі фильмда қатты сезіледі. Қазақстандықтар киноны көрген кезде жақсы әсер алады деп ойлаймын. Өйткені бұл халықаралық деңгейдегі туынды. Сонымен қатар Николай Жұмағаливеті сомдаған танымал отандық актерді соңына дейін еш жария қылмаймыз. Фильмді толық көріп біткен кезде ғана кім екенін түсініп, таң қаласыз.

 Әлі күнге дейін талайдың жағасын ұстатып келетін қанышердің қалай ұсталғанын білгіңіз келсе, отандық триллерді көріңіз.

Фильм 31-наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.